Шымкентте тағы бір ринг ашылды

162

Шет елден арнайы алып келінген рингке 5 мың АҚШ долларынан асық қаражат жұмсалған. Алайда, жас боксшыларға жағдай жасау үшін қандай қаражат болмасын жұмсау артық етпес дейді бапкерлер.

Бұл жаттығу рингі әлі талай чемпиондарды тәрбиелейтініне бапкерлер сенімді
Бұл жаттығу рингі әлі талай чемпиондарды тәрбиелейтініне бапкерлер сенімді

Шымкенттің жас боксшыларына жаңа жылдық сыйды Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қоры жасады. Жаңа жаттығу рингінің құрылғанына бапкерлер де олардың шәкірттері де аса қуанышты. Ринг орнатыла салысымен-ақ жеткіншектер оның үстіне шығып, жаттығуға кірісіп кетті. Рингтің қажеттегін кезінде боксшы болған ағалар жақсы түсінеді. Ендігі кезекте кейінгі ұрпаққа жағдай жасап, чемпиондар тәрбиелеу.

Батырхан Жақсыбаев, ОҚО бокс федерациясының спортшылармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы: «Біз бокстасып жұрген кезімізде арнайы мұндай зал жоқ болатын. Қолдан жасалынған рингте  шеберлік танытуға тырысатынбыз. Бүгінде, қолдан келгенше жағдай жасалынып жатыр. Бұл залда бұрын соңды ринг болмаған. Тіпті, балалар оның қай бүрышынан көтерілу қажеттігін білмей, алңашында сасқалақтап қалды. Чемпиондарды тәрбиелеуде бұл сыйлықтың атқарар рөлі зор деп ойлаймын».