Шымкенттік аниматорлар «Қанатты барыс туралы аңыз» фильмін аяқтады

"Қанатты барыс туралы аңыз"
"Қанатты барыс туралы аңыз"
«Қанатты барыс туралы аңыз»

Шымкенттік мультфильм жасаушылар «Қанатты барыс туралы аңыз» атты толықметражды анимациялық фильмді аяқтап, тілшілерге тұсаукесер рәсімін жасады. Сақ дәуіріндегі қазбалардан табылған қанатты барыс бейнесін негізге алып жазылған сценарийдің авторы да, бейнелерді салған суретшілерді бәрі жерлестеріміз.

Шығармашылық ұжым осы мультфильм кейіпкерлерімен бірге 5 жыл бойына өмір сүрді. Өздері де әрбір образға еніп көрді. Қолға алған дүние көркем, шынайы шығуы үшін еңбектенді. Аниматорларда да бір ғана мақсат болды. Ол – қазақ баласы еліктейтін батырдың кейпін жасау. Елбасымыз бейнесін мемлекетіміздің символына айналдырған барыс да сюжет желісінің басты кейіпкері. Сауран батыр мен қанатты барыстың басынан кешкендері арқылы оқиға өрбиді.

Қазақ балаларының қаһарманы Сауран бастыр болады
Қазақ балаларының қаһарманы Сауран бастыр болады

«Қанатты барыс туралы аңыз» мультфильмін жасау оңайға соқпады. Шығармашылық ұжымның шеберлігі жетеді. Тек ақша жетпеді. Үзіліс те болды. Әйтеуір дегенде 45 минутқа жалғасатын толықметражды анимациялық фильмді дайын болды. Осылайша отандық бір туынды қазақ мультфильмінің қоржынына қосылды.

Аниматорлық фильм 45 минутқа жалғасқан
Аниматорлық фильм 45 минутқа жалғасқан

«Қанатты барыс туралы аңыз» толықметражды фильмінің сценарий авторлары мен режиссері Батырхан Дәуренбеков пен Керімбек Ниязбаев.  Қоюшы суретшілері Бегім Қаламұлы, Азамат Ерназаров. Композиторы Нұрлан Еспанов, әннің сөзін Бақытжан Ауданбаев пен Батырхан Дәуренбеков жазған. Продюссері Жарқынбек Төлтебай. Фильмнің директоры Нүриддин Паттеев. Қуанышы басылмаған аниматорлар кеткен шығынды есептеп үлгермепті. Тек түскен ақшаға тағы бір туынды жасаймыз деп алып-ұшып отыр.