Шымкенттің жас аниматорлары халықаралық байқауда жеңіске жетті

Шымкенттің жас аниматорлары жүлдемен оралды. Оқушылар сарайындағы «Алақай» мультипликация студиясының балалары Ресейде өткен «Анимаевка» халықаралық байқауына үш мультфильм жіберген екен. Табиғаты қорғап, сақтауға арналған конкурстың қорытындысы бір айдан кейін белгілі болып отыр.

Конкурс

Бұл туындының ерекшелігі сол – оқушылар балаларға арналған туындыны пластилиннен жасап, өздері бейнетаспаға түсірген. Ал жетекшісі – Мақсұт Жаримбетов.

Мультипликация

Азамат Кенжебеков өзінің ең алғашқы қазақтың ұлттық аспабына арналған жұмысын конкурсқа қосқан. Нәтижесінде «Жетіген туралы аңыз» атты мультфильм бірінші орынға лайық деп танылыпты.

Ал Колосова Юлиананың «Ең күшті жануар» атты анимациялық фильмі арнайы жүлдеге ілінген.