Шымкент әкімінің жаңа жылдық мерекесі өтті

698
Қала әкімінің шыршасы

Шымкеттегі оқушылар сарайында қала әкімінің қайырымдылық шырша мерекесі өтті. «Жібек жолының жаңажылдық ертегісі» атпен өткен салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай бастаған бірнеше ел ағасы қатысты.

Қала әкімінің шыршасы

Мерекелік іс-шараны ашып берген Қайрат Нұртай жаңа жылдық шырша шамын жағып, жасөспірімдерді мерекемен құттықтады.

Қала әкімінің шыршасы

Думанды шараға қонақ болып келген қалалық әкімшілік қызметкерлері мен мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері ертегі кейіпкерлеріндей киінген бүлдіршіндермен бірге мерекелік концертті тамашалады.

Қала әкімінің шыршасы

Қала әкімінің жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысқан шаһар мектептеріндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 135 балаға түрлі сыйлықтар үлестірілді. Балалар бір сәт ертегілер әлеміне еніп, Жібек жолы бойымен еліміздің қалаларын аралап, ұлттық сазды аспаптармен оркестрде ойнады. «Айгөлек», «Еркетай» ансамблінің орындауындағы мерекелік әндер балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қала әкімінің шыршасы

Қала әкімінің шыршасы

Қала әкімінің шыршасы

Қала әкімінің шыршасы

Қала әкімінің шыршасы

Қала әкімінің шыршасы

Қала әкімінің шыршасы

Қала әкімінің шыршасы

Шымкент әкімінің баспасөз қызметі