5 жасар қыздың мүгедек болуына дәрігерлер кінәлі

472
Мақтаалардық дәрігерлер балғынның қолынан айырды
Мақтаалардық дәрігерлер балғынның қолынан айырды
Мақтаалардық дәрігерлер балғынның қолынан айырды

Мына суретте 5 жасар Перизат Назарова  қос білегін түрініп, кіп-кішкентай жұдырығын көрсетіп тұр. Он саусағының амандығын соңғы рет суретке естелік етіп жатқандығын сездіріп тұрғанда ма дерсіз?!

Осыдан үш апта бұрын бүлдіршіннің оң қолының білегінен жоғары  бөлігін кесіп тастады. Бұған балғынның ата анасы дәрігерлерді кінәлап отыр.  Мақтаарал ауданының Атакент елдімекенінің ауруханасына 5 жасар Перизат іш аурумен  жеткізілген. Ата анасының сөзіне қарағанда, екпеден соң баланың қолы ісіп кеткен.

Ләззат Жарова, Перизаттың анасы: «Не болды деп реаниматологтан да сұрадық? Ол бізге ештеңе етпейді, 5-6 сағаттан соң басылады деп басу айтты. Бір тәуліктен соң ісік басылған жоқ, ал қолы мұздай боп кетті. Барлық дәрігерлер жиналып, реаниматологты неге ештеңе жасамағансың деп айқайдың астына алды. Бізді Шымкентке жіберді. Мұндағы хирург алғашқы 12 сағатта  көмек көрсету керек еді, енді тек ампутация деді. Мен алғашында рұқсат бермедім, бірақ баламның қолы қарайып барады, сосын 27 қарашада ампутация жасады».

Атакенттік әріптестерінің әрекетін сынағысы келмесе де, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері баланы ауыр халде жеткізілгенін айтады. Дәрігер хирург Асхат Өсербаев сәбидің қолын аман сақтап қалғысы келген, бірақ өлім мен өмір арпалысында таңдау жасау мұқтаждығы туған.

Медициналық қызмет сапасын бақылау комитетіндегілер болса, оңтүстікқазақстандық дәрігерлердің ісін қаралағысы келмеген сыңай танытып отыр. Қаншама тексеру жүргізілсе де, айдың күннің аманында бір сәбиді мүгедек еткендердің есімін атауға бас тартты мұндағылар.