Ақпанда дзюдодан ел біріншілігі өтеді

573

Ақпан айында Семейде жасөспірімдер арасында ел біріншілігі жоспарланған. Оңтүстіктің палуандары да сол додаға дайындығын бастауда. Бұл күндері Шымкентке облыстың епті деген палуандары жиналып, бапкердің іріктеуінен өтуде. 70-тен аса дзюдо күресінің жас шеберлері тәжірибесін де шыңдауда.

Базарбек Домбай, дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында ОҚО аға бапкері: «Ел бірінішлігіне дайындығымыз жақсы. Бұл жарыста жүлделі болғандар халықаралық жарысқа, содан кейін Әлем біріншілігіне жолданатын болады».

Ақерке ел біріншілігінде топты жара алатынына сенімді
Ақерке ел біріншілігінде топты жара алатынына сенімді

Аға бапкер Базарбек Доңбаймен белдесіп жатқан бойжеткен — Ақерке Құлаш есімді жас палуан. Өткен маусымда ел чемпионы атана білген Ақерке бұл жолы да қарсыласынан басым болатынына сенімді. Ал палуанның шеберлігін шыңдау үшін облыстың аға бапкері онымен тек өзі арнайы жаттығады.

 Ақерке Құлаш, ҚР чемпионы: «Қызылордалық және астаналық қарсыластарым ауырлау болады. Бірақ, менің қазіргі таңдағы дайындығым өте жақсы. Қарсыласымнан басым боламын деп сенемін».

Ел біріншілігінде жерлестеріміз топ жара білуі тиіс. Өйткені бұл дода алдағы халықаралық жарыстарға іріктеу. Оқу-жаттығу жиыны тағы бір жеті жалғасады. Содан кейін бұл жеткіншектердің арасынан іріктеу жасалынып, облыс құрамасы республикалық турнирге негізгі жаттығуын бастайды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VBNcTT09x1U[/youtube]