«Эврикамен» армандар орындалды

241
Эврикадан олжалы қайтқандар көп
Эврикадан олжалы қайтқандар көп
Эврикадан олжалы қайтқандар көп

«Эврика» СО сатып алушылар үшін керемет сый жасады. Өткен жылдың 1 қарашасы мен 15 қаңтар аралығында «Эврикадан» тауар сатып алғандар ұтыс лотереясының купонына ие болған еді. Міне күні кеше көптен күткен ұтыс ойнатылды.

«Эврика» компаниясымен армандар орындалады. Нұрсұлтан Төлеген су жаңа Шевроле автокөлігіне ие болды. «Эврика» дүкендер жүйесінің ұтыс ойынында ол бас жүлде – темір тұлпарды ұтып алды. Осыдан он ай бұрын ноутбук сатып алып, купонды иемденген Нұрсұлтан үшін бұл тосынсый болды.

«Үйдегілер әлі естіген жоқ бұл қуанышты жаңалықты. Күтпеген сый болды»-дейді Нұрсұлтанның өзі.

Әрине, ұтыс мұнымен тоқтаған жоқ. Мұз Сарайында кернеген қуанышты көңіл күй толастамады. Мұндағылар демін ішіне тартып, жұлдызды сәтін күтті. Теледидар, шаңсорғыштар мен тоңазытқыш, кір жуғыш машина. Толып жатқан тұрмыстық техника тағы 96 ұтыс жеңімпаздарына табысталды. Ұйымдастырушылар «Эвриканың » тұрақты сатып алушылары үшін сыйымыз сарқылмайды деп отыр.

«Эврика» сауда желісі 12 жылдан бері оңтүстікқазақстандықтарды тұрмыстық техникамен қамтамасыз етіп отыр. Дәл осы дүкенде әлемдік техниканың үздіктері сатылады. Айтпақшы, ұтысқа ие болмаған купон иелері ақпанның соңына дейін 10 пайыздық жеңілдікпен тауар сатып ала алады.