Шымкенттің тағам талғампаздарына тосын сый. тіл үйірер тәттілер мен ғажайып дәмді аспен мадлен кондитерлік жүйесі шымкенеттіктердің назарына ұсынды. Сонау Германиядан келегн кондитер шеберлер түрлі таңсық тағам түрлерін жасап бір қуантты.
Иісі аңқыған шоколад пен ваниль, тәбет ашар тәттілер әлеміне тап болған Альбина Сариди крем брюленің дәмін байқап жатыр. Күйдірілген карамельмен көмкерілген, көздің жауын алған француздық жеңсік ас келушілерді еріксіз елітеді.
«Бәрін де сатып алғың келеді. Нан өнімдері кез келгеннің дастарханының ажарын аша түседі. Тәтті құмарлар үшін таңғы, түскі, кешкі асты алмастыруға әбден лайық»-дейді Альбина Сариди.
Кондитерлік шедеврлердің авторлары шымкенттік ас талғампаздарына таңсық астың сан түрлі мәзірін ұсынды. Бармақтарынан бал тамған шеберлердің өнері тұтынушы үшін дейді олар.
Иохим Кляйн, Германиядан келген аспаз: «Германияда өткен жәрмеңкелерде қант қоспасы бар сыламалар, шоколад сынықтарын әкеп отырмыз. Торттарды қаймақ пен кілегейден дайындаймыз.»
Шет елдіктер шымкенттік аспаздарға Тәтті тағам әзірлеудің сырын үйретті. Енді «Мадлен» кондитерліәк желісінің мамандары да таңсық жеңсік астың шебері.
«Мұнда жұмыс істеу қызықты. Күлшелер мен тәттілердің негізі ашытқыда. Ал шие қосылған чизкейкті шымкенттіктерге бірінші болып біз ұсынамыз»-дейді мадлендіктекр.
Енді Шымкенттегі «Мадленнен» неміс тәттілерін табасыз. Дәл осы жерде тәтті мереке ұйымдастыруға әбден болады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HPLPaKLu0ck[/youtube]