«Мадленнен» дәм татыңыз!

1275

«Мадлен» тәттілер жүйесіне келсеңіз, кондитерлік өнердің жаңа туындыларын көресіз! Тәтті күлшелер мен торттар, суфленің және пряниктің 20-дан астам жаңа түрін көріп, алмау мүмкін емес. 14 ақпан күні мұнда келушілердің көп болатынын білетін кондитерлер дайындықты әлдеқашан бастаған болатын. Оның нәтижесін сөрелерден бірден байқайсыз.

Тіл үйірер суфле мен нәзік бисквиттер, алтындалған, көркем әрілеумен даярланған тәттілер-барлығына теңеу айту қиын. Аспаздық өнер деп осыны айт. Көздің жауын алады әрі бірден барлығының дәмін татқың келетіні сөзсіз. Кондитерлік өнімнің авторлары өз туындыларын қалалықтарға ұсынуда. Мәзірлеріне ерекше дайындалған «Мадленнің» шеберлері мұндай жаңалықтарды әлемнің өзге елдеріне арнайы барғанда үйренгенін жасырмайды.

«Мадленнің» кондитерлік цехында жұмыс бір сәтке үзілмейді. Мереке күнінде мұндағылар демалуды мүлдем ұмытады. Кондитерлердің қиялында да шек жоқ. Бұл кезеңде көпшіліктің көңілінен шыққан фисташка қосылған, алтын түсті тәттілер мен барқытталған ұлпамен көмкерілген торт. Сиқыршының қолынан шыққан бұл тағам – нағыз бірегей сыйлық.

«Мадлен» өз тұтынушыларына тарту жасауды да ұмытпаған – егер үйіңізге немесе мерекелік дастарханға тапсырыс берсеңіз, безендіруі мен декор сәндеудің барлығы тегін болады! Тағамды таңдасаңыз болғаны, қалғанын кәсіби мамандар биік талғаммен орындап береді.

"Мадленнен" дәм татыңыз!

Сөйтіп, мерекеде дүкен аралап, сыйлық іздеп әуре болмаңыз, «Мадлен» барлығын ойластырып қойды. Қуанышқа толы сәттерде сүйіктіңіз пештің алдында уақытын жоғалтпайды. Барлығын сүйікті кондитерлік дүкендер жүйесіне келіп таңдай аласыз! Кең таңдау барлығыңыздың ойыңыздан шығады. Тіпті, тәттілерге келгенде кірпияз болсаңыз да ойыңыздан шығар шоколадты, сүзбе қосылған, классикалық күлшелердің 200-ден астам түрінің ішінен біреуі ұнары анық!

Лаура Нахыпқызы