Úı Jańalyqtar Кәсіпкерлік көмекпен тағы бір кондитерлік орталық ашылды

Кәсіпкерлік көмекпен тағы бір кондитерлік орталық ашылды

Шымкентте француз өнімдерін пісіретін «Ла Тартине» кондитерлік цехы ашылды. Қаланың қақ ортасында орналасқан наубайханада нан өнімдерінің 70-тен аса түрі пісіріледі.

011

Мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлікке тиесілі көмекке ие болған цехта дүкен мен асхана жұмыс істейді. Барлық өнімдерге қосылатын қоспалар Франциядан, құрал-жабдықтар Италия елінен арнайы алдырылған.

Кәсіпкерлік нысанда қазір 10-ға жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Шетелдік құрал-жабдықтардың ерекшелігі сол — жартылай дайын өнімдерді көз алдыңызда әп-сәтте әзірлеп береді. Осыған дейін Астана және Алматы қалаларында жұмыс істеп тұрған кондитерлік желінің өнімдері енді шымкенттік жұртшылыққа да жеткізіліп отыр.