Шымкент тұрғыны отағасының қайтыс болғанын дәлелдей алмай жүр

Қиын жағдайға тап болған отбасына сыртқы істер министрлігінің өкілдері қол ұшын созамыз деп отыр
Қиын жағдайға тап болған отбасына сыртқы істер министрлігінің өкілдері қол ұшын созамыз деп отыр
Қиын жағдайға тап болған отбасына сыртқы істер министрлігінің өкілдері қол ұшын созамыз деп отыр

Шымкентте бір отбасы жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына қайтыс болған отағасының бақилық екенін дәлелдей алмай отыр. олардың бұлайша сандалуына марқұмның шетелде жан тәсілім еткені себеп болған. Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайға барған Манас Сұлтанов сол жақта көз жұмған екен. Бірақ оның зайыбы әлі күнге жолдасының қайтыс болғаны туралы куәлік ала алмай жүр.

Төрт баланың анасы Айткүл Әбубәкірқызы жұбайының қайтыс болғанын растайтын тілдей қағазға қол жеткізе алмай сарсаңға түсіп жүр. Халыққа қызмет көрсету орталығының табалдырығын тоздырғанына бір ай өтіпті.

Былтыр желтоқсанда қызмет бабымен Қытайға барған жүк көлігінің жүргізушісі Құлжада бөгелген. Сырт елде жүріп сырқаттанған азаматқа жергілікті ауруханалар көмек көрсетпепті. Ақыры қалтасында көк тиыны жоқ қазақстандықтың ауруы асқынып, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған. Миына қан құйылыпты.

Айтгүл ӘБУБӘКІРҚЫЗЫ, марқұмның зайыбы: «Қытайдан маған мынадай қағаздар берді о смертности. Кеше милициялар келіп те олар да қағаз берді. Ешқандай ранениясы жоқ. Өзінің ажалымен өлді деген. Ал ЦОН-ға барсам «мынау мед заключения жарамайды» деп Үрімжіден қағаз алып келесіздер деп отыр. Ал, мен барып келуге қалтам да көтермейді. Жағдайым да жоқ ондай қағаз алуға».

Қара жамылған жесір әйел енді күйеуінің атындағы үйдің құжаты мен тірі кезінде алған несиесін реттей алмай отыр. Тіпті, кәмелетке толмаған екі баласы тиесілі жәрдемақыдан да қағыла ма деп қорқады. Ал, әділет басқармасының мамандары жағдайдың былайша шиеленісуіне марқұмның туыстары кінәлі, – дейді. Яғни, мәйітті Қытайдан жеткізер кезде анықтамаға сол жердегі консулдықтың арнайы мөрін бастырмаған.

Жаннета УӘЛИХАНОВА, қалалық Әділет басқармасы АХАТ бөлімінің бастығы: «Қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматы Манас Сұлтанов шет елде қайтыс болған жағдайда бізде Гаакская конвенциясына сәйкес, егер Гааякская конвенцияның члені болса, то есть мүшесі болса сол мемлекеттен алынған қайтыс болған жөнінде мөр таңбасын қойғызу керек еді. Егер ол Гаагская конвенцияның мүшесі болмаса, ол консульская служба немесе посольствада лигализация жасау керек еді. То есть құжатты заңдастыру керек еді».

Енді жесір әйел медициналық анықтаманы заңдастыру үшін артынып-тартынып Қытайға аттанбайтынына үмітті. Өйткені Қазақстанның консулдығы тек Үрімжіде ғана бар көрінеді. Ал, қазақстандық азамат қайтыс болған Құлжа ол арадан 700 шақырымда орналасқан.

Қиын жағдайға тап болған отбасына сыртқы істер министрлігінің өкілдері қол ұшын созамыз деп отыр. Яғни, бұл азаматтың Қытай жерінде қайтыс болғанын растайтын құжатты ресми сұрау арқылы алдыртпақ. 

Айнұр Ақбаева

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=dzde_EOrteg[/youtube]