Созақ ауданындағы жағдай реттеліп келеді

354
ОҚО әкімі теріскейліктермен кездесті
ОҚО әкімі теріскейліктермен кездесті

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Созақ ауданының бұрқасын желден зардап шеккен Таукент, Аққолтық елді мекендерінде болып, апат салдарымен танысты. Ауыл тұрғындарымен кездескен облыс басшысы аймақта арнайы комиссия құрылып, табиғаттың тосын құбылысынан келген шығынды есептеп жатқандығын хабарлады және зардап шеккен әрбір отбасыға тиісті көмектер берілетіндігін мәлімдеді. Тұрғын үйлерінің құжаттары дұрыс рәсімделмеген азаматтарға көмек ауданда құрылған арнайы қор арқылы көрсетілмек.

Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Республика тарапынан құрылған комиссия жұмыс істеуде. Сол комиссияның шешіміне байланысты бізде Созақ ауданына байланысты шешімімізді бердік. Қазір шұғыл түрде Үкіметтің қаулысы қабылданғалы жатыр.  Үкімет тарапынан қабылданғалы жатқан қаулы өз алдына,ал облыс тарапынан қандай мүмкіншілігіміз бар, соны қарастырып жатырмыз».

Республика үкіметі тарапынан апат орын алған аймаққа құрылыс материалдары да жеткізіліпті. Бүгінгі күнге дейін мердігер мекемелердің күшімен 5 әлеуметтік нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға беріліпті. Созақ ауданында Қарақұр елді мекенінен өзге ауылдардың барлығына электр желілері қалпына келтіріліп, электр қуаты толығымен берілуде. Құрылыс материалдарының қымбаттауына жол бермеу мақсатында кәсіпкерлер арқылы 10800 рейка, 5000метр рейка, 3000метр балка, 825 килограмм шеге жеткізіліп, бұдан басқа да құрылыс материалдарын әкетті.