Созақты қалпына келтіруге студенттер де атсалысып жатыр

330
Дүлей дауылдан жапа шеккен Созаққа еріктілер көмекке аттанды
Дүлей дауылдан жапа шеккен Созақтағы жерлестеріне көмектесу үшін еріктілер арнайы сұранған
Дүлей дауылдан жапа шеккен Созақтағы жерлестеріне көмектесу үшін еріктілер арнайы аттанды

Сұрапал апатқа тап болған Созақтың тұрғындарына көмек көрсетуге жастар да аттанды. Шымкенттегі Жоғарғы оқу орындарының 100-ден астам студенті құрылыс жұмыстарына қолғабыс болу үшін арнайы сұранған. Еріктілерді қалалық әкімдік пен «Нұр Отан» ХДП басшылығы көлікпен қамтамасыз етті. Жиналған жастар бастарына ауыр жағдай түскен жерлестерімізге көмек көрсетуде ештеңеден аянып қалмаймыз деп білек сыбанып отыр. Айта өтейік, бастама «Жақыныңа жәрдемдес» акциясы аясында жүргізілуде.

Бағдат Батырбаев, ОҚМУ-дің студенті: «Мен бұл жағдайды «Отырар» телеарнасының жаңалықтарынан көрдім. Өте ауыр жағдай! Табиғат апатынан зардап шеккен жерлестерімізге қандай бір көмек көрсетуді жөн санадық. Дәл қазір үлкен сезімде тұрмын. Барған соң қандай жағдайды көремін дегендей. Бір білерім сол – Созаққа бара салысымен қолымнан келген жұмысты аянбай атқарамын. Бұл менің парызым деп білемін. Сол үшін де өз еркіммен сұранып, өз еркімен бара жатырмын. Өзімнің де мамандығым құрылыс саласы. Сондықтан өзімнің көмегім тиетініне сенмідімін».

Нұрсұлтан Дүйсенбаев, ОҚМУ-дің студенті: «Әрине, апат айтып келмейді. Бәріміздің де қабырғамыз қайысып, қатты уайымдадық. Осылайша қол қусырып отырғанша, барып көмектескіміз келді. Енді міне, барып бар көмегімізді береміз деп кетіп бара жатырмыз. Егер барып қандай да азғантай болса да көмектеріне жарасақ, бұл біз үшін үлкен қуаныш!»

Ал осы жастарды көлікпен және өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз еткен  «НұрОтан» ХДП ОҚОФ жастолқынның жанашырлығына тәнті болғанын айтады.

Қалима Жантөреева, «НұрОтан» ХДП ОҚОФ төрағасы орынбасары: «Жасырмаймын, мен таң қалдым! Ерікті жастарымыздың өз сұранып, «барайықшы» деп өтініш білдіргенде қарсылық танытпады. Жанашырлықтарына риза болдық! Бұл біздің патриоттарымыз! Ел басына осындай ауыр күн туғанда көмек қолын созуды жөн көріпті. Сондықтан жолдарың болсын деп шығарып салып жатырмыз. Басқаша болмайды ғой. Жастардың бет алысы бәрімізді қуантты. Сондықтан да бар қажетіліктерін жасауға тырысып жатырмыз. Қалалаық әкімдіктен әрбір студентке күніне 3 мың теңге қаражат қаралатындығын да айтайық. Себебі біз жұмыс жасаған студенттерді құр қалдырғымыз келмейді «.

 Ауылдағы ағайынға қолғабыс жасауға аттанған жастар 1 апта бойы Созақ ауданындағы елдімекендердегі құрылыстың басы-қасында болмақ. Сонда жұмыс жасайтын студенттерге жатын орын мен ас-ауқатты жергілікті билік өз мойнына алып отыр.