«Қырғы базардағы» ретсіз сауда тиылмай отыр

582
Төлеби көшесіндегі "Қырғы базар" атанып кеткен сауда орындары. 8-ақпан 2013 жыл
Төлеби көшесіндегі "Қырғы базар" атанып кеткен сауда орындары. 8-ақпан 2013 жыл
Төлеби көшесіндегі «Қырғы базар» атанып кеткен сауда орындары. 8-ақпан 2013 жыл

Тосыннан тап болған бәсекелестерінің үстінен шағымданушылар – сол маңдағы базардың сатушылары. Осы бассыздықты айтып, қала әкімдігіне де арызданыпты. Айтуларынша, көше бойын жайлаған жабайы сауданың кесірінен нәпақаларынан айрылыпты. Ал Қырғы базардың осы маңы ретсіз саудаға айналғаны жасырын емес. Ұзын-сонар сауда қатары Адырбеков көшесінің қиылысына дейін жеткен. Көбісі ауыл-аймақтан келген бұл азаматтар базардағы орынның ақысын төлей алмағандықтан осылай істеп отырғандарын айтады.

Сатушы: «Қазығұрт ауданынанмын. Шымкентте пәтерде тұрамыз, балаларымыз интернатта. Туыстарымыздың өнімін осы жерде сатамын. Амал нешік?! Ауылда жұмыссыздық. Бала-шағаның қамы. Өткенде орын алып, 10 мың теңге  төлеген едім. Ауырып, 3-4 күн болмап едім, орнымды біреуге сатып жіберіпті».

Нағима, Сарыағаш ауданының тұрғыны: «Жеміс сатамын. Бекітілмеген жерде сатып отырғанымды білемін. Бірақ, базардағы орынға беретін ақшам жоқ. Баларымның оқуына қаржы керек. Жағдай жасаса, пайдаланамыз.»

Қайнаған сауда, қызу қозғалыс, анасын тосып шаршаған бала – Қырғы базардың алдындағы көрініс осы. Тіпті, аялдаманы саудаға айналдырған бұл жайсыздыққа қала тұрғындары да үйреніп қалғандарын айтады. Олай етпеске қымбатшылық қысып тұр.

Әкімдік қызметкерлері шара көрудеміз деп ақталады. Осыған дейін рейд жүргізіп, 81 хаттама түзіпті. Нәтижесінде 62 адамнан соттың шешімімен 150 мың теңге айыппұл өндірілген. Дегенмен, айыппұлдан аяғын тартатындар азайған. Нағыз шара қолданатын тәртіп сақшылары таптырмай жүр.

Егерде жергілікті билік тәртіп сақшыларын тәртіпке шақыра алмаса, онда ретсіз сауда  жайы не болмақ ?

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SGJHAvjM39Y[/youtube]