Úı ANONS «Қырғы базарда» қырғын салды…

«Қырғы базарда» қырғын салды…

фото qyrgy.bazar
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Х.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік іс қаралды.
 
Х. 2026 жылдың қаңтар айының 11 күні қаланың «Қырғы базарында» Үнді Республикасының азаматы С.-ны дөрекі сөздермен балағаттап, ұялы телефонын қолынан жұлып алып, қоғамдық орында мазасын алып қоғамдық ортаны сыйламаушылық танытқан.
 
Х. сотта өз кінәсін мойындап, өкінетінін соттан өзіне қатаң жаза тағайындамауын сұрады. Жәбірленуші кешірім бергенін, араларында ешқандай араздықтың жоқ екендігін көрсетті.
 
Құқық бұзушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса, өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен және тағы да басқа іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп, аталған мән-жайларға сүйене отырып, құқық бұзушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін ал, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескеріп, сот Х.-ны ӘҚБтК-нің 434 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.