«Қызыл кітапқа» енген қарақұйрықтарды аулаған броконьерлер ұсталды

805
2 өлі аңды инспекторлар көліктің жүктасығышынан тапқан
2 өлі аңды инспекторлар көліктің жүктасығышынан тапқан
2 өлі аңды инспекторлар көліктің жүктасығышынан тапқан

«Қызыл кітапқа» енген 2 бірдей қарақұйрықты аулаған (жойылып кету қаупі бар аңдарды өлтірген)  браконьерлер ұсталды. «Охотзоопром» өндірістік бірлестік» МКҚМ инспекторлары «қара ниетті аңшыларды» Қызылорда аумағына рейд жүргізу барысында анықтаған.

Бұл қылмыс қазір прокуратураның тергеуінде жатыр
Бұл қылмыс қазір прокуратураның тергеуінде жатыр

Инспекторлардың айтуынша, жүйіткіген көлікті тоқтатқанда, автокөлік ішінде Шиелінің 4 тұрғыны болған. Және көліктің жүксалғышынан «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, азайып бара жатқан, тіптен жойылып кету қаупі бар Қазақстанның 2 бірдей аңдарын тапқан. Сонымен қоса, аң аулауға арналған қаруы да табылыпты. 

 Енді қылмыстық істің қозғалуы үшін сараптама жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл жолы «аңшылар» ешқандай қарсылық танытпаған. Ал соңғы кездері броконьерлер мұндай жағдайда қарсылық танытып, тіптен қару қолдануға дейін баратын көрінеді. 

«Жасырмаймыз, дәл қазіргі уақытта броконьерлердің қарулары мен құрал-жабдықтарының техникасы анағұрлым дамыған»,- дейді «Охотзоопром» өндірістік бірлестік» МКҚМ ОҚОФ-нің директоры.– Оларды қолға түсіру жыл санап қиынға соғуда. Бізден қашуға талпынған броконьерлер инспекторлардың көлігінің доңғалақтарының астына металл тікенектері бар, өткір «металл кірпі» тастайтын болған. Бұрын көліктің доңғалағына оқ ататын болса, жуырда Жамбыл облысында көліктегілерге оқ жаудырған. Алдыңғы әйнектерін сындырған. Қуанышқа орай, инпекторлар жарақат алмапты. Өткен жылдың қараша айында «Охотзоопром» өндірістік бірлестік» МКҚМ инспекторлары Қызылода облыстық кеден қызметіндегі 2 офицерді броконьерлікпен ұстаған болатын. Себебі олар қызметтік «Нива» көлігімен жүріп 16 қарақұйрық пен 12 қоян аулаған. Орын алған оқиғаға байланысты Қызылорда облыстық прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр». 

2013 жылдың қаңтар айының өзінде табиғатты қорқау заңын бұзған, қылмыс болып табылатын 3 жағдай тіркеліп отыр. 

Ал қазіргі уақытта «Охотзоопром» өндірістік бірлестік» МКҚМ инспекторлары облымыздағы  ақбөкендер санын сақтауды бірінші орынға қойып отыр.