Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорының меншік иесі еліміздің Үкіметі болады. Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорын құру жинақтаушы зейнетақы жүйесінің принциптеріне еш әсер етпейді. Бұл жүйеде да жеке жинақтаушы шоттар жүйесі сақталады. Міндетті зейнетақы салымдарының барлық түрлері бойынша мемлекеттік кепілдік сақталады. Сондай-ақ азаматтардың зейнетақылық жинағын толық көлемде аудару жүзеге асыралады екен.
Десе де бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру – зейнетақылық жинақтың мемлекет меншігіне өтуі деген сөз емес, зейнетақылық жинақ азаматтардың өз меншігінде қалады. Ал жинақ ұлттық банкте сақталады. Оны инвестициялық стратегияға сәйкес басқаратын болады. Кеңестің жеке құрамын ел Президенті бекітеді.
Қазіргі зейнетақы қорлары өз жұмыстарын инвестициялық қоржынды басқарушы немесе ерікті түрдегі жинақтаушы зейнетақы қорлары басқарушы ретінде жалғастыра алады. Осы іс-шараларды жүзеге асыру үшін ҚР 8 кодексі мен 22 заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі екен.