Ауған соғысына қатысқандар «ардагер» мәртебесін беруді талап етті

362
Ауған соғысының ардагерлері

 

Ауған соғысының ардагерлері
Ауған соғысының ардагерлері

Ауған соғысына қатысқандар өздеріне ардагер мәртебесін беруді талап етіп, Үкімет пен депутаттарға үндеу жариялады.

«Бұл талабымызды Үкімет те, депутаттар да көп жылдан бері қарастырмай келеді, алайда біздің де шыдамымыз таусылды», дейді республикалық ауған соғысы ардагерлерінің одақ жетекшісі Шәріп Өтегенов.

Елімізде қазір 19 мыңға жуық Ауған соғысына қатысушылар бар. Олардың 75 пайыздайы 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер. Яғни, еңбек етіп, табыс табуға жарамайды. Сол азаматтардың балаларына жоғары оқу орындарына түсуге мемлекеттен арнайы грант бөлінсе, деген ұсынысты да талайдан айтылып, жауыр болды.

Осы күрделіліктер «ардагерлер туралы «заң қабылданса, шешілер еді. Облыстық ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Ғалым Майханов бастаған ардагерлер қаруластарының үндеуін қолдайды.