М.Байғұттың жаңа кітабы жарық көрді

906
Кітапқа жазушының кейінгі жылдары жазылған еңбектері енгізіліпті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұттың жаңа жинағы жарық көрді. Облыстық жасөсіпірмдер кітапханасында «Бұла бұлақ» деп аталатын кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. 384 беттен құралған еңбек Алматы қаласындағы баспалардың бірінде басылған. Жинаққа жазушының кейінгі жылдары жазған түрлі жанрдағы еңбектері енгізіліпті. 

Кітапқа жазушының кейінгі жылдары жазылған еңбектері енгізіліпті
Кітапқа жазушының кейінгі жылдары жазылған еңбектері енгізіліпті

Мархабат Байғұт, жазушы: «Бұла бұлақ» бастапқыда арнайы серия бойынша жарық көрді ғой. Біраз жылдардан бері шығып келе жатыр. Баспада оның серясын белгілі сыншы, әдебиеттің білгірі, марқұм Зейнолла Серікқалиев деген азамат негізін қалаған болатын. 3-4 жыл бұрын өмірден өтті кісі. Көзі тірісінде жоспарлаған екен  «бірдеңе бұлақ» деп, сыртымнан осылай енгізіпті. Соған байланысты қазіргі қызметкерлері кітапта бірдеңе бұлақ деген сөз болсыншы деді. Жоспарда солай көрсетілген, Министрлікке ұсынамыз деді. Сондықтан кітап «Бұла бұлақ» деп аталды. Бұрынырақ 1980 жылы «Сыр бұлақ» деген кітабым шыққан. «Бұлақ» деген тіркесі бар кітаптарыңыз шыға береді ма?» деген сияқты сын-пікірлер айтылып жатыр. Ал кітапта кейінгі жылдар жазған әңгімелерім, оның ішінде қазіргі заманғы кейіпкерлер бар. «Әкім кеткен күн», «Әкімнің әйелі», «Шибөрінің бүргесі», «Тәржіман тірлік», «Иттің құқығы» , «Қозапия», «Сізді сүйген қыз едім», «Қалтарыстағы қоңырау» деген сияқты туындыларым енгізіліп отыр. Ең бастысы бұл әңгімелерде осы заманғы құбылыстар мен кейіпкерлердің қадамы да ашық көрініс тапқан. Үлкен психологиялық әңгімелер деп айтар едім. Әңгімелер ұзақ емес, ең ұзақ дегенінінң өзін 15-20 минутта оқып шығуға болады. Қысқаларын оқуға 10 минут жұмсайсыз. Ия, 2-3 драмалық дүниелер жаздым. Бірақ барлығында да осы заманды қозғадым және осы заманды жаза бермекпін. Себебі мен тарихқа онша бойлай білмеймін, шорқақтаумын. Сондықтан өзіміздің қазіргі, бүгінгі актуалды мәселелерін қозғап, бүгінгі айналадағы төңіректегі құбылыстарды жазғанды дұрыс көремін. Мен өз кітабыма баға бере алмаймын әрине, оны мынау оқырмандар мен әдебиет сыншылары айта жатар. Бірақ менің еңбектерім әзіл мен шындық астасқан, ирониялық әзілдерді арқау етіп жазылады. Әзілдің де әзілі бар ғой, осы ирониялық әзілімен ерекшеленетін кітабымның белгілері борлуы мүмкін».

Арнайы шара аясында кітап-бейнежарнама да ұсынылды көпшілік назарына. Оқырмандар жазушының бірнеше жыл бойы жазған тырнақалды туындысы «Бұлабұлақпен» қуана қауышты. Тіпті тұсаукесер салтанатында кітаптан бас алмай оқып отырғандар да болды. Олар бұл қасиетін автордың қазақ прозасындағы шеберлік-шынайылығымен байланыстырады.

Шара Әділова, оқырман: «Шынымды айтсам, Мархабат ағаның «Бұла бұлақ» деген кітабы шықты дегенді естігенде, бұл туындының ішіне қандай еңбектер енді екен деп ойладым. Қандай жаңа еңбектер бар екен деп. Осы мақсатта кітапта ала салысымен парақтап шықтым. Құмарлықпен біразын оқып тастадым. Ал еңбекте жалпы мынау еліміздің тәуелсіздік алғанна кейінгі жылдардағы бастан өткерген қиыншылықтары да жазылыпты. Бұл жағдай біздің психологиямызға қалай әсер еткені де жазылған екен. Ал Махаңның шығармаларының ерекшелігі, жазушылық шеберлігі де сол — халықтың өмірінен алынып, соған юмор береді және оқырмаған ары қарай не ойлайсың деген ойтүрткі тастайды. Мәселен «Кандидаттың имиджі» деген шығармасы осы айтылған ойлардың дәлелі».

Әзірге 2000 данамен жарық көрген «Бұла бұлақ» өңіріміздегі кітапханаларға үлестірілуде. Ал қаламгер жуырда өзге де жаңа туындыларымен оқырмандарын қуантуды жоспарлап отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=58jAvyfhNpI[/youtube]