Оңтүстікте 33 мектеп пен 40 колледж жарамсыз

561
Оңтүстікте аттестациядан өтпей қалған мектептер көп
Оңтүстікте аттестациядан өтпей қалғандар көп
Оңтүстікте аттестациядан өтпей қалған мектеп пен колледж көп

Оңтүстіктегі мектептер мен коледждердің саны бар, сапасы жоқ. 33 мектеп пен 40 колледж аттестациялық сынақтан өте алмай қалды. Арнайы тексеру жүргізген облыстық білім сапасын бақылау департаменті осындай қорытынды жасады.

Бұл тізім әлі де толығуы ықтимал. Өйткені, аталған мекеме тексеру жұмыстарын әрі қарай жалғастырмақшы. Облыстық білім сапасын бақылау департаменті бір жылда 150 оқу орнына тексеру жүргізген. Соның ішінде 33 мектеп пен 13 колдедж жарамсыз боп шықты. Материалдық базасының жеткіліксіздігі және мұғалімдердің біліктілігінің төмендігі сүрінуге сеп болған.

Ләззат Базарқұлова,ОҚО білім сапасын бақылау департаментінің директоры: «4-сыныптың, 9- сыныптың, 11-сыныптың оқушыларының біз білімін тексеру үшін бақылау жұмыстарын тест өткізіп аламыз. Нәтижесі енді кейбір мектептерде өте төмен. Сарыағаш ауданында білім деңгейі төмен, Сайрам ауданы сондай аудандарда төмен».

Сынақтан сүрінгендердің қатарында Сайрам ауданындағы №28 Ақбай жалпы орта мектебі де бар. Білім ошағына біз де ат басын бұрдық. Үзіліс кезінде сыртта жүрген оқушылардан олардың оқу үлгерімі жайлы суыртпақтап көрдік.

Шамшат Қазақбаев, 11-сынып оқушысы: «Біздің сыныпта 20 оқушы бар. Олардың жетеуі үздіктердің қатарына кіреді, қалғандары да оқитындары көп, енді. Бәрі кеште майл агент, однокласник сондайларға қызығады».

Журналистерді көрген мектеп директоры тысқа шықты. Оқушының айтқанын жоққа шығарып, бізде білім үздік деп соқты. Аттестация қорытындысынан 2,8 балды әзер жинағанын ұжым басшысы ұмытып кетсе керек.

Икрам Адхамов, №28 Ақбай жалпы орта мектебінің директоры: «Базамыз да дұрыс, мұғалімдеріміз де жақсы. Енді кейбір жерде қате жіберген шығар».

320 орындық білім ошағында қазір 700 бала оқиды екен. Сабақ үш ауысымда өткізіледі. Десе де мектеп басшылығы қайта сынақ тапсырудан сүрінбейтініне сенеді. Оңтүстіктің колледждеріндегі білім сапасының да жағдайы мәз емес. Облыста 98 арнайы орта оқу орны бар болса, соның 13 оқу орны аттестациядан өте алмапты.

Кемшілікті дұрыстауға 6 ай мерзім берілген. Егер осы уақыт аралығында сын түзелмесе, онда лицензиялары қайтарылады. Әзірге колледж ұжымдары барын салып, аттестациядан қайта өтуге қызу дайындалып жатыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=j447oN1_xjg[/youtube]