Оңтүстікті қуаңшылық күтіп тұр

Осы іс-сапардың қорытындысын Астанада алдағы сейсенбі күні болатын арнайы жиында министр мен төраға баяндайтын болады
Осы іс-сапардың қорытындысын Астанада алдағы сейсенбі күні болатын арнайы жиында министр мен төраға баяндайтын болады
Осы іс-сапардың қорытындысын Астанада алдағы сейсенбі күні болатын арнайы жиында министр мен төраға баяндайтын болады

Оңтүстікті биыл қуаңшылық жайлауы мүмкін. Сырдария бойын аралап қайтқан су комитетінің төрағасы Ислам Әбішев осылай дабыл қағады. Айтуынша, Арнасай тоғанының жабылып, Өзбекстанмен арадағы байланыстың тоқтауы су тапшылығына әкелуі ықтимал екен. Есесіне, енді судан келер қауіп жоқ дейді Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Көксарай, Шардар су қоймаларының қазіргі ахуалын көріп.

Астанадан келген қос шенеуніктің көңіліндегі күдікті Сырдағы судың деңгейі сейілткендей. Дарияның Қызылордаға 110 шақырым жеріндегі мұз ерісе болғаны, қызыл судан келер қауіп жоқ деп топшылайды. Әрине, ғайыптан нөсер жауып, табиғат тосын мінез танытпаса.

Владимир БОЖКО – ҚР Төтенше жағдайлар министрі: «Қызылорда мен Оңтүстікте қазір қар жоқ. Сол себепті, енді тасқыннан келер қауіп жоқ деп ойлаймын. Ағынсудың Шардараға құйылуы өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Сондықтан биыл да өткен 2 жылдағыдай тасқынсыз өтеді деп үміттенеміз. Осы арада Көксарай су реттегішінің дер кезінде салынғанын айтып өткім келеді. Осы су қоймасының арқасында Қызылорда мен Оңтүстіктің жұрты тасқыннан тыншып қалды».

Алайда, Ислам Әбішті басқа жәйт алаңдатуда. Өйткені, қазір Көксарайда да, Шардара су қоймасында да су деңгейі өте төмен. Арнасай тоғанының жабылып қалуы істі одан сайын қиындатып барады. Сондықтан биыл шаруаларды қуаңшылық қинайын деп тұр.

Ислам ӘБІШ, ҚР Ауылшаруашылығы Су ресурстары комитетінің төрағасы: «Ең қауіптісі, біздің су қоймаларына көрші мемлекеттің шекарасы тиіп тұр. Солардың құбыр қойып, су алуы мүмкін деген де қауіп бар. Осылардың барлығы онсыз да жетіспейтін Су ресурсына зиянын тигізуі мүмкін».

Ислам Әбіш пен Владимир Божконың ендігі мақсаты, осы түйінді тарқату. Олар көрші мемлекеттен болуы мүмкін су ұрлығының жолын кесу үшін ұзындығы 34 шақырымды құрайтын алып бөгеттің салынып жатқанын айтады. Ал облысқа қажетті жеткілікті суқорын жинау үшін 7 млрд текше метр ағынсу жинау жоспарлануда екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=G9Rc3IOHUNU[/youtube]