Шымкенттік погондылар қызметінен кетуі мүмкін

284
жол полициясының заңсыз әрекеттері

 

жол полициясының заңсыз әрекеттері
жол полициясының заңсыз әрекеттері

Оңтүстік Қазақстан облысының жол полициясы басқармасын реформа күтіп тұр. Өңірдегі погондылардың кадрлық мәселесін қайта қарау жөнінде ҚР Ішкі Істер министрі Құлмұханбет Қасымовтың өзіне ұсыныс айтылды. Бұл туралы ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов тұрғындармен өткен есептік кездесуінде мәлімдеді.

Аймақ басшысы жол полициясы қызметкерлерінің әрекеті көңілінен шықпайтынын хабарлады.

«Көңілім толмайтынын барлық жерде айтып келе жатырмын. Ол жерде тек қана кешенді шешіммен шектелмей, кадрлық мәселесін де қарауды министрлікке жеткізіп отырмыз. Жақында жол полициясына байланысты тиісті шешім қабылдануы керек«,-деді А.Мырзахметов.

Есептік кездесу барысында тұрғындар да алатаяқтылардың әрекетіне наразы екенін жариялады. Айта өтейік, бұған дейін Шымкент қаласы, Самал мөлтек ауданының тұрғыны Ерлан Тұрсынов есімді азамат та ОҚО әкіміне «жол полицейлерінің ағаштың тасасына тығылып көліктерді бақылауына рұқсат па?»,-деген сұрақ жолдаған еді.

Бұған «жол полициясының инспекторы жол қозғалысының қатысушыларына көрінетіндей болып тұру керек»,- деген жауап айтылған.