Облыс әкімі атыраулықтарға сый-тарту жасады

343

Атыраудың Оңүстіктегі мәдениет күндері қорытындыланды. «Түркістан «сарайында өрбіген қорытынды кешке облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың өзі келіп, мұнайлы өңірден келген ағайынға естелік сый-тартуын табыстады. Облыс халқы атынан алғысын білдірді.

Атырау облысының басшылығы да дәстүрге сәйкес өңірдің өткені мен бүгінгі қоғамынан сыр шертетін сыйлықтарын үлестірді. Батыс қаламгерлерінің жыр жинақтарын да жерлестерімізге сыйлады. Осылайша қос тарап айтулы бастама мәдениет саласының дамуына ғана сеп болмайды деп тарасты.

8196

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Меймандар тек қана мәдениет пен өнердің емес, жалпы, бүгінгі күндегі Атыраудың тыныс-тіршілігімен таныстырып, әлеумет болсын, экономика болсын, мейлі, басқа сала болсын – Атырау облысының бүгінгі өмірін, тіршілігін, көрінісін таныстырған жәйі бар. Сондықтан біз құрметті қонақтарымызға елдің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз!»

Еске салайық, Атыраудан Оңтүстікке әнші, биші және театр тарландары мен қолөнер шеберлерінен құралған 227 өнерпаз арнайы келген. Олар гала-концертте әдеттегідей әсем әнін шырқап, күйін шалқытты. Д.Нұрпейісова атындағы ұлт-аспаптар оркестрі тұщымды туындыларын жұртшылыққа жолдады.