Жалған ақшалар көбейіп кетті

550
Қаржы полицейлері өткен жылы 40-қа жуық қылмыстық іс қозғап, 300 мың теңге мен 200 доллар тәркілепті

 

Қаржы полицейлері өткен жылы 40-қа жуық қылмыстық іс қозғап, 300 мың теңге мен 200 доллар тәркілепті
Қаржы полицейлері өткен жылы 40-қа жуық қылмыстық іс қозғап, 300 мың теңге мен 200 доллар тәркілепті

Оңтүстікте жалған ақша тым көбейіп кетті. Қаржы полициясы бір айдың ішінде 20-ға жуық қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін ЭҚЖСЖҚК басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Айтуларынша соңғы кезде 2,5,10 мың теңгелік банкноттарды қолдан жасай көбейген. Жалпы сомасы 150 мың теңге мен 15 мың рубль жалған ақша тәркіленді. Оларды алданып қалған азаматтардың өздері әкеп тапсырыпты. Мамандар мұндай ақшалардың қайда басып шығарылып жатқанын анықтай алмай жатыр.

Анель МАТИЕВА, ОҚО ЭҚЖСЖҚК басқармасының баспасөз хатшысы: «Жалған ақша жасау мен бағалы заттар шығаратын цехті тапқанымыз жоқ әзірге. Бірақ, жыл басынан бері 18 қылмыстық іс қозғалды. Олар 2-дәрежелі банк пен орталық базар, жанармайқұю бекеттері, вокзал пен дүкендерде табылды. Сондықтан, облыс тұрғындарына айтарымыз, абай болыңыздар! Аудандық қаржы полицейлеріне хабар беріңіздер!»

Айта өтейік, былтыр 300 мың теңгелік жалған купюраралар тәркілінсе, биыл жыл басталмай жатып 150 мың теғңгеге бір-ақ жетті. Сондықтан, мамандар тұрғындардан да көмек сұрауға бел буды. Жалған ақша жасау дерегі бойынша қандай да бір ақпарат білсе, бізден бөліссін деп отыр.