5 жасар бала ата-анасын іздейді

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында бүгінде 46 бала бар

 

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында бүгінде 46 бала бар
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында бүгінде 46 бала бар

«Әкем мені мектеп бітірген соң алып кетеді». Ата-анасынан тірідей айрылып қалған 5 жасар Қайрат есімді бүлдіршін осылай дейді. Уәде беріп, ұлын көшеде тастап кеткен әке 2 аптадан бері бауыр етінен хабар да алмаған.

5 жасар Қайраттың кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында жүргеніне 2 апта болды. Оны полицейлер Арыс балалар үйінің маңында адасып жүрген жерінен тауып алыпты.

Баланың айтуынша, әкесі оны мектеп бітіргеніңде әкетемін деп уәде еткен. Ал анасы Роза Астанада, үш бірдей бауырымен бірге. Қайрат өзінің бұрын даярлық тобына барғанын айтады.

Ойын баласы әзірге ата-анасын іздейтінін байқатпайды. Тек оңаша қалғанда ғана жылап алатыны бар. Бейімдеу орталығының мамандары Қайратпен жасты тағы бір балаға назар аудартты. 6 жасар Галина Гугинаны да сақшылар Қайнар бұлақ елдімекеніннен тауып алған. Әке-шешесі ішкілікке салынғанын, пәтер жалдап тұратынын өрімдей қыз өзі айтып берген.

Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында бүгінде 46 бала бар. Олардың көбісі ата-анасын тапқанымен, құжатының жоқтығынан бір бірімен қауыша алмай жатады. Ал Қайрат пен Галинаның балғын жүректері өздерін ата-анасы мен туыстары тез арада табатынына сенеді.  

Олар ата-анасы табылмайынша, Шымкенттегі орталықта болады. Мерзімі келгенде, балалар үйіне жіберіледі.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Jifm2ioCtcA[/youtube]