Бүйрек алмастырған дәрігерлер алғысқа бөленді

383
Әзірге 4 науқастың бүйрегі алмастырылды
ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Қозыбайұлының өзі ота жасаған дардың бірі болды
ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Қозыбайұлының өзі ота жасаған дардың бірі болды

Астана мен Алматыдан кейін Шымкентте алғаш рет бүйректі ауыстырып салу отасы қолға алынды. Осы бастаманы көтерген жедел жәрдем көрсету ауруханасының ұжымы облыс әкімдігі тарапынан алғысқа бөленді. Ал отаны жасауға бірден бір үлес қосқан ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмаилов арнайы наградаға да ие болды.

Біздің дәрігерлерге Оңтүстік Кореялық мамандар көмектескен болатын. Нәтижесі жаман емес. Күрделі отаны жасағандардың ісі мақтауға лайық. Айта кету керек, мұндай бүйрек алмастырудың қажеттіне облыс бюджетінен қомақты қаржы бөлініпті. Бірақ, донор табу қиын болып тұр.

Әзірге 4 науқастың бүйрегі алмастырылды
Әзірге 4 науқастың бүйрегі алмастырылды

Осы ретте облыстың бас дәрігері алдағы уақытта заң шеңберінде бүйрек марқұмның денесінен алынуы да мүмкін. Олай етпеске шара жоқ. Өйткені, Оңтүстіктің өзінде созылмалы бүйрек сырқатына шалдыққан 300-ге жуық науқас бар. Оның 21-інің бүйрегін шұғыл түрде ауыстыру керек. Ал бұл жолы бүйрегі ауыстырылған 4 азаматқа туыстары донор болған.

Мамандардың айтуынша, бүйрек салынған науқастың өмірі тағы да 10-15 жылға ұзаруы сүруі мүмкін. Шымкенттік дәрігерлер алдағы уақытта да дәл осындай ота жасауға дайын-ақ. Алайда, енді жыл соңына дейін бүйрек ауыстыру отасын жасай алаймыз деп отыр. Себебі, донор жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mlRppSpfMgE[/youtube]