Бойжеткендердің барлығына ана болу бақыты бұйыра бермейді

664
Бүгінгі бойжеткендерге ана болу бақыты бұйырмауы мүмкін
Арулар дәрігер және ұстаздардың алдында мұндай жағдай көбіне жігіттерге алданудан туындайды дейді
Арулар дәрігер және ұстаздардың алдында мұндай жағдай көбіне жігіттерге алданудан туындайды дейді

Қыз – өмірдің гүлі, біреуге әпке, біреуге қарындас – адал жар, аяулы ана. Сұлулық пен әдептіліктің, инабаттылықтың символы. Ықылым заманнан-ақ халқымыз қызды төрге отырғызып, қонақ деп қабылдап сыйлап, ерекше құрметтеген. Ақыл-парасаты биік болуын да шарлап қызын қырық үйден тыйым деп, тәрбие-өнеге алуға баулыған.

«Бүгінгі бойжеткендердің көбіне ана болу бақыты бұйыруы екіталай». Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының бұлай деуіне соңғы кездері кәмелет жасқа толмаған арулар арасында жасанды түсік жасатушылар санының артуы себеп болып отыр. Дәрігер және ұстаздармен өткен кездесуде жастолқын мазалаған сауалдарын ашық қойып, мамандардан мардымды жауап алуға тырысты. Ал 21 жастағы Гүлзира Үсенбекова жасанды түсікке жүгінетін замандастарын жиі кездестіретінін жасырмады.

Гүлзира Үсенбекова, студент: «Ия, менің таныстарымның арасында да жиі кездеседі бұл

Гүлзира
Гүлзира Үсенбекова жасанды түсікке жүгінетін аруларды жиі кездестіретінін жасырмады

жағдай. Тұрмысқа шықпай жатып, екіқабат болып, соңында жасанды түсік жасатады. Осылайша ана болу мүмкіндігінен айырылып жатқандар бар. Тіпті жасы 18-ге толмаған көрші құрбыларымның да басынан өтті осы жағдай. Өздерінен неге мұндай қадамға барғанын сұрағанымда, көпшілігі жігіттеріне алданып қалғанын айтты. Сондықтан алдаудың құрбаны болған қыздарға жаным ашыды. Әрине, соңғы уақытта арамызда қара ниетті жігіттер де көбейіп кетті ғой. Болар іс болған соң, қыздардың тағдырын күл талқан етіп, ештеңе білмейтіндей кетіп қалады».

Дүниежүзінде жыл сайын 45 миллионнан астам кәмелет жасқа толмаған арулар жасанды түсік жасатады. Оның ішінде шамамен 19 миллионы қауіпті болып саналады екен. Егер түсікті 14-тегі қыз жасатып жатса, мұның жас ағзаға тигізер зардабы туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Ал Қазақстанда жыл сайын 14 пен 18 жас аралығындағы 10 мыңға жуық қыз түсік жасатады.

Айгүл Сапарғалиева 14-15 жастағы қыздардың жасандытүсік жасатуына қатта алаңдайтынын айтады
Айгүл Сапарғалиева 14-15 жастағы қыздардың жасанды түсік жасатуына қатты алаңдайтынын айтады

Айгүл Сапарғалиева, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, бас акушер-гинекологы: «Әр ай сайын, тіпті апта сайын бізге 14-15 жасар, тіпті 18 жасқа толмаған жүкті арулар келіп жатады. Кейбіреулері туып жатса, енді бірі жасанды түсік жасатады. Бірақ басым бөлігі,өз өмірім алда деп «аборттың» көмегіне жүгінеді. Бұл жағдайлар бойжеткендерді жастайынан «стресске» шалдықтырып қана қоймай, болашағына балта шабады. Ал ауылды жерлерде орын алған жағдайда, ол қыз ел-жұрттың бетіне қалай қараймын деп асылып қалып жатқандары да бар. Ал ата-анасы ол елдімекееннен бой тасалап, көшіп жатады. Сондықтан көпшілікке айтарым, қыздарыңызға жастайынан жақсы мен жаманды түсіндіру керек. Оның еш ұяты жоқ. Перзенттеріңізді қоршаған ортаның қараңғылығынан сақтаңыздар».

Кездесу барысында қыздардың басына жиі түсетін келеңсіз жағдайлардың шешілу жолдары да айтылды. Десе де бүгінгі теріс қадам – өмірлік өкінішке әкелуі мүмкін. Дәрігерлер бойжеткендерге жасанды түсік жасату және түрлі жұқпалы дерттерге шалдығу немесе гормондардың жоғары дозасы бар дәрмектерді тұтынудың соңы бедеулікпен қатар, адам өміріне қауып төндіретінін ескертеді.