«Дефиле» жаңа киім жиынтығын ұсынады

1606
Дефиледе жеңілдіктер
Дефилеге келіңіз
Дефилеге келіңіз

Биылғы көктемде не киемін деп жүрген сәнқойларға арналған ақпарат. Қаладағы «Дефиле» сайда үйі көктем-жаз -2013 жиынтығын ұсынды. Дизайнерлер биылғы маусымда нендей киімдердің сәнде екенін анықтап, дәл соларды саудаға шығарды.

Дефиледе жеңілдіктер
Дефиледе жеңілдіктер

Шымкенттік сәнқойлар «Дефиле» дүкені ұсынған жаңа киім жиынтығын қарап, сатып алуға асық. Ажарыңа әсемдік сыйлар әдемі көйлектер, сымбатыңа құйып қойғандай кеудешелер мен шалбарлар, қайталанбас аксессуарлар кез келген талғампазды тәнті етері даусыз. Көктем маусымында «Дефиле» дүкені ұсынған жаңа киім жиынтығы ашық түстермен айшықталған. Бұл көктем жаз киімі шымкенттік сән әлеміндегі төңкеріске тең деп санайды дефилелік дизайнерлер.

Сылқым сәнқойдан бастап үй шаруасындағы үйбикеге дейін қалауын «Көктем-жаз-2013″жаңа киім жиынтығынан табады. Бұл маусымда «Дефиле» сапа мен сәнге ғана емес, киімнің қолайлылығы мен қол жетімділігіне де баса назар аударған.

Сатып алушылар «дефиленің» шымкенттік сән әлемінде негізгі ф акторға айналғанын айтып жатыр. Ер азамат та, қыз келіншек те іздегенін табары сөзсіз. Көктем жаз жиынтығы «Дефиленің» уақыт талабын дөп басып, сән әлемінің алдында келе жатқандығын байқатады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VYy-lCo8qLg[/youtube]