Коммунистер: «Тарифтың шарықтауына жол жоқ»

242
коммуналдық қызмет ақысы шарықтап барады

 

коммуналдық қызмет ақысы шарықтап барады
коммуналдық қызмет ақысы шарықтап барады

«Биліктің халықтың алдында есеп беретін уақыты жетті!» Осылай деген «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері бүгін коммуналды қызмет тарифтерінің өсуін тоқтатуды талап етті. Олар тарифтің өсуіне қарсы емес, бірден шарықтатпай, халықтың қалтасына ауыр тимейтіндей сатылай өсіруді ұсынып отыр. Сонымен қатар, тарифтердің өсуін 2 жылға тоқтатып, мораторий жариялау керектігін де ескеру керек дегенді алға тартуда. 

Тоқтамай шарықтап бара жатқан коммуналды қызмет тарифтері тұрғындарды есеңгіретіп барады. Төлемақыға жалақысының жартысын жұмсайтындарға жанашырмыз деген коммунистер мен облыстық кәсіподақ мүшелері төлемақы жәйін Үкімет қайта қарау керек деген талабын жария етті.

Нұрлан Қадырқұлов, «Халық коммунистері» партиясының облыстық коммитетінің бірінші хатшысы: «Екі-үш жылға тарифтің бағасының өсуіне  тоқтау қою керек. Нақты зерттеп, бұл монополистер неге тоқтамай көтеріп жатыр дегенге жауап іздеу керек. Өздері әртүрлі себептерді айтады. Инвестиция дейді, бірақ нақты зерттеу керек сияқты. Сосын мынау сапада жақсарып жатқан жоқ. «.

Жас отбасының бүгінгі халі айтпаса да белгілі. Жандос Қалтаев бүгінде жалақысының 40 пайызын коммуналдық қызметке төлесе, қалғанын азық-түлікке жұмсайды. Тарифтердің қымбаттығы үнемділікке үйреткенімен, ол қызметтің сапасы артып, жақсарып жатқаны шамалы, дейді ашынып.

Жандос Қалтаев: «Халықтың наразылығы дұрыс. Себебі бұл ашық болып жатқан нәрсе емес. Бағалар өз деңгейінде емес. Мысалы үшін су, әр адамның басына үш куб деп саналған. Ол қандай есептен шықты, негізделген бе? Менің ойымша бұл әділ емес, негізсіз тариф болып отыр».

Коммунистер тарифке тоқтам қоюды ұсынып отыр
Коммунистер тарифке тоқтам қоюды ұсынып отыр

Жас отбасылар ғана емес, тұтынушылардың басым бөлігі күрт көтерілген бағалардың қалталарына ауыр тиіп жатқанын жасырмайды.

Коммуналды қызмет көрсетуші компаниялардың дерлігі жеке компаниялардың қолында болғандықтан, тарифке тоқтау қою қиын. Бірақ, мемлекет тарапынан сол компанияларды қадағалайтын, реттейтін топ құрылуы керек, сонда негізсіз қызмет ақысы өспейді деген коммунистер, тарифтердің өсуіне кем дегенде екі жыл тоқтау қою керектігін де жария етті. Ұсыныстарын олар Үкіметке де жеткізбек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fSTUZ0SQXRY[/youtube]