Пара ұсынып пәлеге қалды

231
пара
парадан бас тартты
парадан бас тартты

Полиция қызметкері пара алудан бас тартты. Жуырда полиция қызметкеріне пара бермек болған Шымкент тұрғыны құрықталды.

Тергеу барысында анықталғандай, Ордабасы ауданында күдікті АІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығынан өзінің автокөлігін жергілікті айып тұрағынан алып кетуге қолғабыс етуді өтінген. Және бұл «жәрдемі» үшін 20 мың теңге пара ұсынған. Тәртіп сақшылары бұл автокөлікпен ұрлық жасалғанын алға тартып отыр.

Полиция қызметкері тез арада бұл факті туралы АІІБ-нің басшылығына хабарлайды. Сөйтіп күдікті пара беру үстінде құрықталады. Ал ақша заттай айғақ ретінде алынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OusW1tFa8Ts[/youtube]