«Шымкент строй» компаниясы бес айдан бері құрылысшылармен есептеспеген

303
Айлық бермесе құрылыс тоқтайды дейді ашуға булыққандар
Құрылысшылар бес айдан бері жалақысыз жүр
Құрылысшылар бес айдан бері жалақысыз жүр

Билік өкілдері құрылыс саласының тасын қалай өрге домалатамыз деп отырғанда тағы бір былық шықты. Нұрсәт шағынауданында Қолжетімді баспана бағдарламасы аясында тұрғын үй салып жатқан құрылысшылар наразылық білдірді. Олар бес айдан бері жалақы ала алмай отырмыз дейді. Ал басшылар «бас аман болса аласыңдар» деумен келеді екен.

«Шымкент строй» компаниясының құрылысшылары бес айдан бері ақшаның бетін көрмепті. «Нұрсәт» шағынауданында тұрғызылып жатқан тоғыз қабатты үйде бір емес, бірнеше бригада жұмыс істейді. Алайда, еткен еңбектің ақысын ала алмай зар жылап жүр.

Әбдімүтәліп Шолпанов, құрылысшы: «Қиналып кеттік. Қашанға дейін шыдау керек? Объемдамыз онсызда. Оны бітіріп қойғанымызғада көп болды. Мемлекет ақша аудармады дейді. Сонда біз не істеуіміз керек?»

Хафиза Төрегелдиева, бригадир: «Қазір мойнымда 490 мың қарызым бар. Өзім үшін алмадым, осылардың ауырып қалатыны бар, баратыны бар. Менің де шыдамым таусылды. Бригадамдағы 34 адам мені жеп қоятын түрі бар. Менің қолымнан не келеді? Офиске бардым, президент жоқ деп шығарып салды».

Қарапайым құрылысшылардың басым бөлігі алыс аудандардан келіп жұмыс жасайды. Еңбек қауіпсіздігі сақталғанымен жатын орындары мұздай. Бала-шағаларын көрмегелі де көп болыпты, оларға беріп жіберер ақша да жоқ.

Айлық бермесе құрылыс тоқтайды дейді ашуға булыққандар
Айлық бермесе құрылыс тоқтайды дейді ашуға булыққандар

Алғашында қарамағындағыларды тоқтатпақ болған бригадирдің өзі қарызға белшесінен батқан. Алтындарына дейін ломбардқа қойып, өсіммен ақша да алыпты. Құрылысшылардың баласы аш-құрсақ қалмасын деп. Ал жұмысшы топтың наразылығын сырттан бақылап тұрған компания өкілі басшылықта ақша жоқ деп құтылды.

Жалақы жырын ести сала, еңбек инспекциясы да жетіп келді. Құрылысшылармен сөйлесіп, кеңес те берді. Анық болғандай, құрылысшылар ешқандай келісім-шартқа тұрмаған. Десе де, инспекция қолдан келген көмекті аямаймыз деп отыр.

Еңбек инспекциясы кеңес берді
Еңбек инспекциясы кеңес берді

Бастар Есқараев, облыстың бас еңбек инспекторы: «Бұлар да келісім-шарт жоқ. Белгілі бір жұмысты жалға алған. Жалға алу келісім-шарты бойынша  тапсырыс беруші бес күннің ішінде төлем жасау керек. Сол төлемді жүргізбеген. Сонда да болсада, жұмысшыларға өтініш жасадық, арыз жазуға. Заңға сәйкес қарап, тиісті жауабын беретін боламыз».

Бір бригадаға 2 млн. теңгедей қарызы бар компанияның басшылығын таппадық. Айтуларынша жауаптылардың барлығы ауруханада жатқан көрінеді. Ал нарызылққа шыққан құрылысшылар еңбекақыны алмайынша құрылысты жалғастырмаймыз деп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nTn9ZI4cZlY[/youtube]