Құзырлы орган қарапайым жұмысшының құқығын қорғауға кірісті

525
құзырлы орган бас қосты

 

құзырлы орган бас қосты
құзырлы орган бас қосты

Оңтүстікте жалақы дауы өршіп тұр. Әсіресе, жекеменшік мекемелер қызметкерлерінің еңбекақысын уақытылы беруге қауқарсыз. Бұл туралы мемлекеттік еңбек инспекторлары бүгінгі өткен басқосуда жария етті. Еңбек заңдылықтарының сақталуын қадағалау бойынша семинар кеңеске жиналған құзырлы орган, бірігіп жұмыс істеп, қарапайым жұмысшының құқығын қорғауға кіріспек. Былтыр мемлекеттік еңбек инспекциясы 1213 тексерулер жүргізіпті. Оларда 3 жарым мыңнан аса заңбұзушылықтар анықтаған.

Еркін Отарбаев, ОҚО бойынша сот актілерінің орындалуын бақылау басқармасы бастығының орынбасары: «Кейбір жеке заңды тұлғалар тендерге қатыса алмай жатыр. Соттың шешімін орындау бізге келіп түскен соң, біз оларды автоматты түрде базаға енгіземіз. Ол республика бойынша борышкерлердің тізіміне енеді. Сонда енді ме қай сала болсын, сол базаны ашып, онымен жұмыс істеспейді».

Заңды белден басқан жұмыс берушілерге 26 млн. теңгеге жуық айыппұл салынған. Алайда, соттың шешімін орындауға асықпайтын мекемелер көп екен. Тіпті өздерін банкрот деп жариялап жіберетіндері де бар. Дегенмен олар да жалақы қарызынан жалтара алмайды екен.