Шымкентте азаматтық қорғаныс жаттығулары өтуде

917
Ақ халаттылар бүгін әдеттегідей дәрі екпей, өрт сөндірді
Ақ халаттылар бүгін әдеттегідей дәрі екпей, өрт сөндірді
Ақ халаттылар бүгін әдеттегідей дәрі екпей, өрт сөндірді

Көктем келіп, күн жылынғалы Шымкентте азаматтық қорғаныс жаттығулары өткізіле бастады. Бүгін сондай іс-шаралардың бірі қалалық №4 емханада ұйымдастырылды. Мекеменің дәрігерлері өртке қарсы күрес кезіндегі тактикалық іс-қимылдарын көрсетті.

"Зардап шеккендерге" дереу алғашқы көмек көрсетілді
«Зардап шеккендерге» дереу алғашқы көмек көрсетілді

Бүгін мұндағы қызметкер атаулының барлығы аулаға жиналып, әдеттегіден өзгеше әрекетке кірісті. Яғни, бірі жоспар бойынша үйінді астында қалған адамдарды құтқарса, екінші бірі зембілге жатқызылып, сыртқа алып шығарылғандарға тез арада алғашқы көмек көрсетті.

«Мұндағы мақсатымыз – адам көп шоғырғанған орындарда азаматтық қорғаныстың қарапайым ережелерін көпшілікке түсіндіру» дейді төтенше жағдайлар саласының өкілдері. Мамандардың айтуынша, емхана дәрігерлері өздеріне жүктелген тапсырмаларын тиісті дәрежеде атқарып шықты. Басқасы – басқа, ал дәрігерлердің төтенше жағдай туындай қалған сәтте өзгелерге көмек көрсетуді жетік білгендері жөн-ақ. «Сақтансаң – сақтайды» деген сөз осындайдан қалса керек.