Шымкентте дабыл сиренасы қосылды

381
Төтенше жағдай қызметкерлері

Бүгін шымкенттіктерді дабыл қоңырауы оятты. Бірақ, төтеншеліктер одан үрейленбеу керегін екі-үш күн бұрын ескерткен болатын.

10 ақпан күні сағат 10:00-де қосылған облыстық құлақтандыру жүйесінің жұмысы тексерілді. Дабыл үнін бақылау жеті нысанда өтті. Олардың басым бөлігі оқу орындары және облыстық әкімдік.

Төтенше жағдай қызметкерлері

Жүйе түрлі табиғи апаттарда автоматты түрде қосылуы керек. Мәселен, Құдай сақтасын, 4 балдық жер сілкінісі кезінде шұғыл қосылып, дауыстық хабарлама таралады.

Сондай-ақ, орталық пульт арқылы да басқаруға болады. Төтеншеліктер мұндай дабыл қоңырауын өңірдің тағы 500 нысанына орнатуды көздеп отыр. Ал олардың дайындығы ай сайын тексерілетін болады.

Бұл дабыл шымкенттің барлық оқу орындары мен мемлекеттік мекемелерінде бір мезетте соғылды. Мұндағы мақсат – түрлі табиғи апатта ескерту құралының автоматты түрде қосылуын тексеру. Оқу-жаттығу барысында 4 балдық жер сілкінісі кезінде шұғыл қосылатын дауыстық хабарлама таралды. Мұндай дабылды әр мекемеде жеке қосуға әрі орталық пульт арқылы басқаруға болады.

Тексеру нәтижесінде төтеншеліктер оң жетістікке қол жеткізген. Дабыл жүйелерінде ешқандай ақау табылмады.