ХҚКО қызметкерлері өз арасында «Қыз Жібек пен Төлегенін» анықтады

3-сынақ актерлік шеберлікті байқауға арналды
3-сынақ актерлік шеберлікті байқауға арналды
3-сынақ актерлік шеберлікті байқауға арналды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің арасында өтетін «Қыз Жібек пен Төлеген» сайысы ұйымдастырылды.

Көп ұлтты ХҚКО ұжымдарында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді мақсат етіп, қазақ тілінің ауызекі сөйлесу құралы ғана емес, өзге ұлт өкілдері арасында өзара түсінісу ретінде атқаратын рөлі мен орнын көрсетуді ойластырған ХҚКО-ның қызметкерлері 4 сайыс бойынша бақ сынасты. Алдымен өздері жұмыс атқаратын ұжымды тапқыр да көркем тілмен таныстырып, мұнан соң өнер сайысына көшті. 3-сынақ актерлік шеберлікті байқауға арналса, 4-шісі кешкі киім үлгісін көрсету болатын.

ОҚО-да ХҚКО-ның саны 22 болса, онда бұл күндері 1000-нан аса қызметкер жұмыс істейді
ОҚО-да ХҚКО-ның саны 22 болса, онда бұл күндері 1000-нан аса қызметкер жұмыс істейді

«Қыз Жібек пен Төлеген» сайысына халыққа қызмет көрсету орталықтарының түрлі аудандарынан келген 14 жұп бақ сынауда. Оларға талап біреу – қазақтың қылықты аруы мен ержүрек жігітін сомдап, ұлттың ұлттық құндылықтарды тағы бір еске алу.

Мұндай шараның халыққа қызмет көрсету орталықтарында биыл 5-ші рет өткізіліп жатыр. Облыс бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының саны 22 болса, онда бұл күндері мыңнан аса азамат жұмыс істеп жүр.

Ал енді жүзден жүйрік шыққан ХҚКО-шыларды айтайық. ХҚКО РМК ОҚО бойынша филиалының №2 Шымкент қалалық бөлім қызметкерлері Қанат Асанов пен Жанат Мырзатаева бас жүлдеге ие болды. Бірінші орын – №4 Шымкент қалалық бөлім қызметкерлері Әлімжан Бәйдібеков пен Мәдина Бабақұловаға берілсе, екінші орын – №3 Шымкент қалалық бөлім қызметкерлері Еркебұлан Бәйжігіт пен Аякөз Адырбековаға бұйырды. Жүлделі үшінші орын – №2 Сайрам бөлім қызметкерлері Мирсахат Камилов пен Альмира Жанқұлова лайық деп танылды.