Жол апаты үзілмейтін қиылыс

335
Апат Майлы қожа және Әбіләзімов көшелерінің қиылысында орын алған

 

Апат Майлы қожа және Әбіләзімов көшелерінің қиылысында орын алған
Апат Майлы қожа және Әбіләзімов көшелерінің қиылысында орын алған

Бүгін таңертеңнен «Отырар» арнасына қала тұрғындары хабарласты. Олар Майлы қожа және Әбіләзімов көшелерінің қиылысында жол апаты орын алғанын айтып, өздерінің мұндай оқиғаларға жиі куә болатынын ашына жеткізді. Өйткені, өз қауіпсіздіктері үшін қорқады.

Бұл жол көлік апатынан екі адам зардап шеккен. «Фольсваген Гольф» және «Мерседес» жеңіл көліктері соқтығысқан. Гольф көлігінің жүргізушісі мен кішкентай жолаушы қызға медиктер тез арада көмек берді. Құдай сақтап, олардың соқтығысынан осы аумақтағы газ құбыры жарлмаған. Соққы қатты болғаны соншалықты, құбыр майысып кеткен.

Осы қиылыста көп қақтығыс болатынын айтып шырылдаған тұрғындар, тиісті органдар қажетті шараларды көрсе деп сұранады.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HO4MdCH48H4[/youtube]