Ұлағатты ұстаз Манап Өтебев 75 жаста

1446
Ғалымның хаты өлмейді
Ғалымның хаты өлмейді

Бүгін ОҚО көпсалалы технологиялар колледжінде ҚР білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» белгісі мен» Парасат» орденінің иегері Манап Өтебаевтың 75 жылдығы аталып өтті. Сарыағаш ауданында тумасы еңбек жолын мектеп мұғалімінен бастаған. Бар саналы ғұмырын білім саласына арнаған Өтебаев ұзақ жылдар бойы Шымкент экономика және құқық колледжінде директорлық қызмет атқарған. Колледж ұжымы әр жылы сәуір айының 15-де білікті басшының туылған күнінде ұлағатты ұстазды еске алады. Манап Өтебаев 1999 жылы ЮНЕСКОның алтын медалімен марапатталған.

Қанатбек Досалиев, колледж директоры: «Манап Өтебаев ұзақ жылдар бойы осы білім ордасын басқарды. басқарып қана қоймай, жаңа жетістітерге жетелей білді ұжымды. Тың дәстүрлер тұрақтанды колледжде. Сол дәстүрлер оқу ордасында әлі күнге дейін берік сақталған.»