Úı ANONS Облыс әкімі Бәйдібектегі колледж жұмысымен танысты

Облыс әкімі Бәйдібектегі колледж жұмысымен танысты

Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға басымдық беріліп келеді. Осы бағыттағы жұмыстармен танысу мақсатында облыс әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барымен барды. Ол  №19 көпсалалы колледжде болып, оқу орнының материалдық-техникалық базасын аралады. Сондай-ақ, оқу кабинеттері мен аумағын көрді. Бұдан бөлек, білім беру сапасын көтеру, еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау және түлектерді тұрақты жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

«2014 жылы пайдалануға берілген колледж 425 студентке арналған. Үш қабатты ғимаратта 36 оқу аудиториясы бар. Бүгінде 54 оқытушы 11 мамандық бойынша білім береді. Олардың қатарында ветеринария, дәнекерлеу ісі, есептеу техникасы және ақпараттық желілер, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, тігін өндірісі, агрохимия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, ауыл шаруашылығын механикаландыру және өзге де сұранысқа ие бағыттар қамтылған».

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Жалпы, Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту және бәсекеге қабілетті, білікті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Нұргүл Жолымбетова