«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» Оңтүстікке жетті

"Бейбітшілік жол картасын" біздікілер енді 5-сәуір күні Жамбыл облысына жеткізеді
"Бейбітшілік жол картасын" біздікілер енді 5-сәуір күні Жамбыл облысына жеткізеді
«Бейбітшілік жол картасын» біздікілер енді 5-сәуір күні Жамбыл облысына жеткізеді

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» Оңтүстікке жетті. Бүгін өңірімізге келген Қызылордалық делегация «Достық эстафетасын» облыс әкімі Асқар Мырзахметовке табыстады. Еске сала өтейік, Елбасының соңғы жолдауында айтылған тапсырмаларға байланысты ұлтаралық татулықты нығайту үшін «Достық керуені» ұйымдастырылып, ол еліміздің шығысы – Өскеменнен басталған еді.

Сөйтіп, «Достық жолы картасы» бізге де жетті. «Бейбітшілік керуенін» Қызылордалықтардың өздері таяуда ғана Маңғыстаудан дәл осылай қабылдап алып еді. Акцияның мақсаты біреу, облыстардағы ұлттар татулығын арттырып, этномәдени байланыстар жасау.

Этнобайланысты нығайтудың бір жолы – жастарды түрлі облыстарға жіберіп, жұмыспен қамту. 83 адамнан құралған қызылордалық делегацияның басты ұсынысы осы. Олар тіпті, бұл үшін ғаламтордан да веб-портал арнап қойыпты.

Жандос Базартай, Қызылорда облыстық жастар мәселелері басқармасының бастығы: «Әр облыс өзінше дамығаннан республикалық деңгейде даму болмайды. Менің ойымша кез келген мәселені бірлесе отырып шешу керек. Соның ішінде бір мәселе – ол жастардағы жұмыссыздық. Сондықтан арнайы веб-портал дайындалып жатыр. Біздің Қызылорда облысындағы бос вакансияларды Шымкенттің веб-порталына саламыз. Немесе ОҚО бізге сала алады. Мамандардың бір-бірімен облыс аралық жұмыс істеуге мүмкіндік бар».

Республканың басым облыстарын аралап келе жатқан «Бейбітшілік жол картасын» біздікілер енді 5-сәуір күні Жамбыл облысына жеткізеді. Онан соң Алматыға, Астанаға жол тартатын татулық керуені 25 сәуірде өтетін Қазақстан халықтарының 20-шы мерейтойлық сессиясында қорытындыланады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mC6uZDSCe3Y[/youtube]