Полиция майоры сотталды

326
Облыстық соттың ғимараты
Облыстық соттың ғимараты
Облыстық соттың ғимараты

Түлкібас аудандық ішкі істер басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары 2 жылға сотталды. Полиция майорына қызмет бабын теріс пайдаланған деген айып тағылған. Облыстық соттың баспасөз қызметі осындай мәлімет таратып отыр. Сондай-ақ, айыпталушы 3 жылға дейін ішкі істер органдарында қызмет ету құқығынан айырылды. Айта өтейік, полиция майоры қызметтік өкілеттігін өзінің пайдасына қолданып, сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыс жасаған делінуде.