Шетелдік жұмысшылар Оңтүстіктегі қылмысты өршітіп барады

Жұмысқа тартылған 800-ден аса шетелдіктің 534-қара қытай
Жұмысқа тартылған 800-ден аса шетелдіктің 534-қара қытай
Жұмысқа тартылған 800-ден аса шетелдіктің 534-қара қытай

Оңтүстіктің шенділері қазақстандықтарды жұмыспен қамтудан гөрі шетелдіктерді жұмысқа орналастыруға құлшынып тұр. Мәселен, былтыр бір жылдың өзінде 800-ден аса шетелдік біздің облыста нәпақасын табуға кіріскен. Басым бөлігінің мамандығы инженер-құрылысшылар. Ал Оңтүстікте 70 мың азамат екі қолға бір күрек таппай жүр. Көші-қондағы былықтар облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды.

Жұмысқа тартылған 800-ден аса шетелдіктің 534-қара қытай. Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бастығы Мұхит Әліні сүріндірген де осы факті болды. Айтуынша, олардың басым бөлігі инженер және құрылысшы. Сонда біздің облыста мұндай мамандық иелері жоқ па деген сұрақты жиналғандар ұзақ талқылады.

Оңтүстікте заңсыз жүрген шетелдік жоқ. Көші-көн полициясының бастығы осылай деп түйін түйді. Бірақ бұған облыс әкімі сенбейді. Оған дәлел Шымкенттегі сауда нүктелерін қаптап кеткен бөгде жұрт. Демек, шекарадан кімнің қалай өтіп жатқанын тексеріп отырған ешкім жоқ. Мұның себебін қызметкердің аздығы деп түсіндірді Балтабек Абылаев. Келесі себеп, заңдағы шикілікте болып шықты.

Дандайсу деп осыны айт. Шетелдіктердің өзі қазақ жерінде жүріп, бас сиыстыра алмай жүр екен. Асқар Оспанов жиында оларға қатысты жаға ұстатарлық жәйттерді жайып салды.

Қос басқармада да жұмыс жоқ. Әкім жиынды осылай қорытты. Сондықтан көші-қон саласындағы шикіліктер мен жұмыспен қамту жүйесін бір жүйеге келтіруді тапсырды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZhAMTF9_6Kw[/youtube]