Шымкентте еңбек құқығын білмейтіндер көп

351
Елбасының бағдарламасын талқылады

Еңбек кодексінде жаңа қабылданған қызметкерлер үшін сынақ мерзімі туралы норма бар. Ал кейбір кезде ол ешбір қисынға сыймайтын жағдайға дейін жеткізіледі. Жоғарғы оқу орындарын бітірген жастар заңда белгіленген мерзім ішінде «сынақтан өтушілер» есебінде ешбір еңбекақысыз жұмыс істеп қана қоймай, сонымен бірге, оларды тіпті шамадан тыс жұмысқа салу жағдайлары да жиі кездесіп қалады. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін 3-4 сынаққа алынушының біреуі ғана штатқа кіргізіліп, қалғандары шетке қағылатыны тағы бар.

ҚР Президенті Н.Әбішұлы (Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам бағдарламасынан).

Өңірде еңбеккерлердің еңбек құқығы қаншалықты қорғалады? «Нұр Отан» ХДП өкілдері мен замандастарымыз бас қосып, Ел Президентінің Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам бағдарламасын талқылады. Талқылады дейміз-ау, аға буын мүдірмей алдын-ала дайындаған мәліметтерінен тізбектеп хабардар етті. Ал осы дөңгелек үстелдің басы-қасында отырған жастолқын бағдарлама бойынша әңгімеге араласпақ түгелі, оқып-таныспаған. Бірінің ойы далада болса, енді бірі ұйқыға ерік берді.

Мақсат Баянов Елбасы бағдарламаларын оқымағанын айтады
Мақсат Баянов Елбасы бағдарламаларын оқымағанын айтады

Мақсат Баянов, ОҚМУ-дің жастар орталығының төрағасы: “Елбасының 2050 стратегиясынан хабарым бар. Бірақ оқымаппын. Ал еңбек шарты жайында жазған мақаласын да оқымадым. Сондықтан ештеңе айта алмайды екенмін. Еңбек шарты, еңбек құқығы жайынан да ештеңе білмеймін. Бәлкім бұл менің бұрындары жұмыс істеген саламнан болар”.

Кәмила Егембердиева, студент: “Шынымды айтсам мен оқымадым. Бағдарламаның не туралы екенін де білмеймін. Президент жазған бағдарлама болса, енді орындалатын шығар”.

Басқосу аясында мамандар Қазақстанның еңбеккері жалақысының 100 пайыздық өлшемін шетелдік азамматардың еңбекақысымен салыстырмалы түрде саралады. Шешілмеген түйінді Пркуратураның еншісіне қалдырды. Десе де Оңтүстістікте Еңбек шарты тараптарының матеиралдық жауапкершілігі төңірегіндегі және жеке еңбек даулары толастар емес.

Абдулла Ахметов, ОҚО бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры: “Әрине, 2012 жылы да Оңтүстікте көптеген осы сала негізінде заң бұзушылықтар орын алды. Барлығына тиесілі айыппұл салынып, жазаланды. Сондықтан мен айтар едім ең алдымен еңбеккер өз құқығын жақсы білуі қажет. Қазір біздің мамандар түсіндірме жұмыстарын өте жақсы жүргізіп жатыр деп айта аламын”.

Жастар тіпті қандай бағдарлама талқыланып жатқанынан хабарсыз
Жастар тіпті қандай бағдарлама талқыланып жатқанынан хабарсыз

Ел Президентінің бастамасымен Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек құқығының қорғалуы қадағаланып, еңбек ету шарттары түсіндіріліп-ақ келеді. Дегенмен күллі әлем жұмыссыздықпен күресіп жатқанда, жастардың өздеріне артылған жүкке жауапкершілікпен қарауы маңызды.