Оқу жылы аяқталды. Күтетініміз – «отпускной»

1105

Кезекті оқу жылы аяқталып, оқушылар жазғы демалысына аттанғанда мұғалімдер де ақылы еңбек демалысына шығады. Барлық қызметкерлер секілді ұстаздар бұл кезді күтеді. Мұны біз редакциямызға «отпускнойды қалай есептейді, сол туралы мақала жазсаңыздар» деп хабарласатын ұстаздардың айтуынан байқадық. Бар сауалды топтастыра келе, облыстық білім басқармасына жолдадық. Сонымен мұғалімдер «отпускнойының» қалай есептелетінін облыстық білім басқармасының экономика бөлімінің басшысы Бауыржан Ахметов түсіндіріп берді.

Мұғалімдерге неше күн еңбек демалысы беріледі?

Педагог қызметкерлерге кезекті еңбек демалысы оқушылардың жазғы каникул кезінде беріледі. Бөлім басшысының айтуынша, ҚР-ның 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319 Заңының 53-бабының, екінші тармақшасында «орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін – күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді» деп көрсетілген.
Сондықтан жаңадан жұмысқа түскен және оқу жылының соңына дейін қызмет жасаған (яғни 1 қыркүйектен бастан 1 маусымға дейін) мұғалімге 56 күнтізбелік күн белгіленеді.
Ал оқу жылы арасында (яғни 1 қыркүйектен кейін) жұмысқа қабылданған мұғалімдерге әрбір жұмыс істеген айына 4,66 күннен есептеліп (56 күн/12 айға =4,66 күн) ақылы демалысқа жіберіледі.

«Отпускнойды» қалай есептейді?

Мектеп қызметкерлерінің (мұғалімдер, оқу көмекші персонал, техникалық персонал) ақылы демалысы ҚР Еңбек кодексінің 92-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен айқындалады.
Ережеге сәйкес бес күндік, сондай-ақ, алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
Орташа жалақыны есептеуде ереже қосымшасына сәйкес тұрақты сипаттағы емес төлемдер (жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы;
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақы; қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін өтемақы, біржолғы сыйақы) ескерілмейді. Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік жалақыны еңбек демалысына кеткен жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен есептеледі.
Орташа күндік жалақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері санына бөлу жолымен анықталады.
Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері санына тиісінше бөлу жолымен анықталады.
Егер есеп айырысу кезеңінде қызметкерге жалақы есептелмеген болса, онда орташа күндік жалақыны есептеу есеп айырысу кезеңінің алдындағы он екі айдағы жұмысы не есеп айырысу кезеңінің алдындағы осы жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген уақыт кезеңі үшін есептелген жалақы сомасын осы жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс күндерінің санына тиісінше бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ережені қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген.
Сонымен қатар Кодекстің 139-бабының 10 тармағына сәйкес мұғалімдерге сауықтыруға арналған жәрдемақы тарификациялау бойынша белгіленген лауазымдық жалақысы (еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мен үстемеақыларды есептемегенде) мөлшерінде төленеді. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.

Мысалы:
Мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқаратын 20 сағаты бар, 18 сағатқа дәптер тексеруі және сынып жетекшілігі де бар, еңбек өтілі – 27 жыл. Бірінші санатты мұғалім. Айлық табысы 1 қыркүйектен бастап коэффициенті 4,30 болған кезде 100 970 тенге (лауазымдық жалақы 20 сағатқа 84552 тг + 10%МБ лж8455тг+ сын.жет 4424тг + дәптер текс 3539) есептелінген.
Егер 1 маусымнан 56 күнтізбелік күнге, оның ішінде 48 жұмыс күніне еңбек демалысына шығатын болса:

Айы

Жылы

Істеген жұмыс күні

Есептелінген айлық жалақы

Арттыру коэффициенті

Арттырумен есептелінген ақшасы

Маусым

2017

Еңбек дем

Шілде

2017 3 11001 1 11001

Тамыз

2017 24 84618 1 84618
Қыркүйек 2017 25 100970 1 100970
Қазан 2017 26 100970 1 100970
Қараша 2017 26 100970 1 100970

Желтоқсан

2017 24 106835 1 106835
Қаңтар 2018 23 100970 1 100970

Ақпан

2018 24 100970 1 100970

Наурыз

2018 18 78268 1 78268

Сәуір

2018 25 100970 1 100970

Мамыр

2018 24 100970 1 100970

Жинағы

242 987512

х

987512

Бір күндік жалақы 987512 тенге/242 күнге=4080,62теңге
Осы 4080,62 теңгені 48 жұмыс күніне көбейтсек, еңбек демалысына 195 870 теңге шығады.
Сауықтыруға арналған жәрдемақы 20 сағатына 4,30 коэффициентпен 17 697 теңгеге (БЛЖ (базалық лауазымдық жалақы )) көбейту арқылы 84 552 теңге төленеді.

Жас маман жұмысқа енді қабылданса…

Мысалы: Жас маман тарих пәнінің мұғалімі стажы бір жылға толмаған 18 сағаты және сынып жетекшілігі бар. Санаты жоқ.
Айлық табысы 1 қыркүйектен бастап коэффициенті 3,08 болған кезде 65267(лауазымдық жалақы 54507 тг+5309 (сынып жетекшілік)+ 10%МБ лж 5451тг) теңге есептелінеді. Егер жас маман 1 қыркүйектен қабылданса, онда 1 маусымнан 56 күнтізбелік күнге, оның ішінде 48 жұмыс күніне еңбек демалысына, ал 1 қыркүйектен кейін қабылданса жұмыс істеген айына қарай әр айға 4,66 күннен есептеледі.

Айы

Жылы

Істеген жұмыс күні

Есептелінген айлық жалақы

Арттыру коэффициенті

Арттырумен есептелінген ақшасы

Қыркүйек 2017 25 65267 1 65267
Қазан 2017 26 65267 1 65267
Қараша 2017 26 65267 1 65267

Желтоқсан

2017 24 65267 1 65267
Қаңтар 2018 23 65267 1 65267

Ақпан

2018 24 65267 1 65267

Наурыз

2018 23 65267 1 65267

Сәуір

2018 25 65267 1 65267

Мамыр

2018 24 65267 1 65267

Жинағы

220 587403

х

587403

Бір күндік жалақы 587403 теңге/220 күнге=2670,01теңге
Осы 2670,01 теңгені 48 жұмыс күніне көбейтсек, еңбек демалысына 128 160 теңге шығады.
Егер күні аз болса, онда бір күндік жалақыны еңбек демалысына шыққан жұмыс күніне көбейту арқылы есептеуге болады. Мысалы 10 қарашадан қабылданса, онда 6 ай 20 күнге *4,66 = 31 күнтізбелік күн, 27 жұмыс күні болады

Айы

Жылы

Істеген жұмыс күні

Есептелінген айлық жалақы

Арттыру коэффициенті

Арттырумен есептелінген ақшасы

Қараша 2017 18 45184 1 45184

Желтоқсан

2017 24 65267 1 65267
Қаңтар 2018 23 65267 1 65267

Ақпан

2018 24 65267 1 65267

Наурыз

2018 23 65267 1 65267

Сәуір

2018 25 65267 1 65267

Мамыр

2018 24 65267 1 65267

Жинағы

161 426107

х

426107

Бір күндік жалақы 426107 теңге/161 күнге=2646,63тенге
Осы 2646,63 теңгені 27 жұмыс күніне көбейтсек, еңбек демалысына 71459теңге шығады.
Сауықтыруға арналған жәрдемақы 18 сағатқа 3,08 коэфциентпен 17697 тенгеге (БЛЖ (базалық лауазымдық жалақы)) жалпы 54506,76 тенге төленеді.

Айта кетерлігі, мектептердегі техникалық персоналдың ақылы еңбек демалысының төлемі жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес мұғалімдер сияқты есептелінеді. Ал, техникалық персоналдық ақылы еңбек демалысы ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы «Еңбек Кодексі» №414-V ҚРЗ кодексінің 88-бабына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысының ұзақтығы егер осы Кодексте, ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Дайындаған – Жанерке Хумар

«Оңтүстік Рабат» газеті, №22, 30 мамыр 2018 ж

Мақаланы көшіріп басқанда бастапқы екі сөйлемінде

осы сайтқа гиперсілтеме көрсету міндетті