Шымкентте тағы да ана өлімі

490
Махаббат Арынованың өзі медицина қызметкері болатын. Ол қатерлі ісік ауруларына қарсы диспасерде медбике болып 6 жыл қызмет атқарған
Махаббат Арынованың өзі медицина қызметкері болатын. Ол қатерлі ісік ауруларына қарсы диспасерде медбике болып 6 жыл қызмет атқарған
Махаббат Арынованың өзі медицина қызметкері болатын. Ол қатерлі ісік ауруларына қарсы диспасерде медбике болып 6 жыл қызмет атқарған

Шымкент тұрғыны перзентханадағы операциядан соң қаза тапты. Аяғы ауыр Махаббат Арынова қан кетіп, перзентханаға түскен. Бірақ аман шықпады. Ал оның ата-анасы бар кілтипан дәрігерлердің салғырттығынан деп отыр. Өйткені мереке күні той тойлап жүріп, науқасқа қарауды ұмытып кеткен деп айыптайды. Бұл оқиға бойынша қазір тексеру жүріп жатыр.

Жүктіліктің бесінші айында перзентханаға түскен келіншектің артында көзі жәутеңдеген екі баласы қалды. Ал марқұмның анасы Құттықыз Арынова болған жағдайға дәрігерлер кінәлі деп қан жылап отыр.

25 жастағы келіншек қан кету дерегімен №2 перинатальдық орталыққа түскен. Бір апта бойы дәрігерлер бақылауында болыпты. Мамамндар дер кезінде ота жасағанда ананы аман алып қалуға болар еді дейді Құттықыз Арынова. Айтпақшы марқұм болған Махаббаттың өзі де медицина қызметкері болатын.

Оқиғаның мән-жайын білу үшін жүкті әйелдің өз аяғымен келіп табытпен шыққан перзентханаға бардық. Бірақ мұндағылар маңына да жолатпады. Ешкім жоқ деп шығарып салды.

Бірақ жапа шеккен тарап операцияның сәтсіз болып, келіншектің ажал құшуына дәрігерлер кінәлі деген сөзінен қайтпайды. Оның айтуынша сол күні ақ халаттылар наурызды думандатып, ішімдік қызуымен жүріпті.

Марқұмның туыстары министрге дейін шағымданып арызды бұрқыратып жіберген. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Тіпті «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына да барды. Мұндағылар тексеру жүріп жатыр, бақылаймыз дегеннен әрі аса алған жоқ.

Орыновтар отбасы қарға қарғаның көзін шұқитынына сенбейді. Дәрігерлер жазасын алмай қалуы мүмкін деп отыр. Айта өтейік, былтыр ОҚО-да 16 ана босану кезінде қаза тапқан.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7_xJ-43LY40[/youtube]