Қаржы полициясы ОҚО шенеуніктері 132 млн теңгені жымқырған деп күдіктенуде

602
ОҚО қаржы полициясы департаменті

Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы облыс және Шымкент қаласының автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі басқармаларының жетекшілері мен қызметкерлерінің үстінен қылмысты іс қозғады. Бұл туралы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Шенеуніктерге 132 миллион теңгені талан-таражға салған деген айып тағылуда.

ОҚО қаржы полициясы департаменті
ОҚО қаржы полициясы департаменті

 

Бұл басқармалардың басшылары мен қызметкерлері 2011 жылдың шілдесінен бастап 2012 жылдың қазан айына дейінгі аралықта, Көксәйек – Ақсу – Шаян – Мыңбұлақ бағытындағы тасжолды жөндеудің қажеті жоғын біле тұра жергілікті бюджеттен осы жолды жөндеуге ақша сұраған. Соның салдарынан атқарылмаған жұмыстарға мемлекет қазынасынан 132 миллион теңге бөлінген.