Төтенше жағдай қызметкері парамен ұсталды

259

Облыстық қаржы полициясы ОҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті мемлекеттік мекемесінің аудандық медициналық сараптама бөлімінің басшысы және осы мекеменің бас мамандарын пара алғандары үшін ұстағанын мәлімдеді.

Олар азаматтарды мүгедектік топқа қосу үшін 50 мың теңге пара талап еткен. Бұдан бөлек тағы екі азаматтан пара алғаны бойынша айып тағылуда. Қаржы полициясында өткен баспасөз-конференциясында аудандық төтенше жағдай басқармасының бас маманы кәсіпкерден ақша талап еткені де айтылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=KFbgWechGag[/youtube]