Жасырын казино әшкереленді (видео)

259
Ұсталғандар

Қаржы полициясы Шымкенттегі жеке үйлердің бірінде астыртын жұмыс жасап келген казиноны анықтады. Заңсыз ойынхана Қазыбек би көшесіндегі екі қабатты үйде орналасқан екен. Арнайы жасақ жасырын казиноға табан астында тап болғанда ғимаратта құмар ойынға қызығатын оннан астам тұлға анықталды.

Ұсталғандар
Ұсталғандар

Бір қызығы, оларды тергеуші сұрастыруды бастағанда астыртын казинода «жай, қыдырып» жүргендерін айтып, ақталған. Арасында құмар ойнауға келгенін жасырмағандар да болды. Қаржы полициясының қызметкері заңсыз ойынхананың ұйымдастырушысын да сол жерден ұстап алды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=PqshXtYRgdE[/youtube]