Адам қағып, қашып кеткен мас жүргізуші іздестірілуде

271
Дәрігерлер зардап шеккен азаматқа көмек көрсетуде

Демалыс күндері Оңтүстік Қазақстан облысында 50 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 6 адам қаза тапты, 54-і түрлі дәрежедегі жарақат алған. Сондай келеңсіз жағдайлардың бірі Шымкенттен шыға берісте орын алған. Темірлан тасжолының бойында жаяу жүргіншіні мас жүргізуші көлігімен қағып кеткен.

Оқиға Бекжан базары жақта болған
Оқиға Бекжан базары жақта болған
Ескендір Әбдікаримов, жол полициясының инспекторы
Ескендір Әбдікаримов, жол полициясының инспекторы

 

«Осы оқиға жайлы бізге шұғыл басқару орталығынан хабар келіп түсті, – деп түсіндірді жол полициясының инспекторы Ескендір Әбдікаримов. – Темірлан тасжолының бойында бір адамды көлік қағып кеткені туралы суыт хабарды алысымен оқиға орнына келіп жеттік. Қазір тексеру амалдарын жүргізіп жатырмыз.»

 

 

 

 

Осы оқиғаның салдарынан күзетші болып істейтін азамат жамбасынан жарақат алды. Оған тез арада шақырту бойынша жеткен жедел жәрдем тобының дәрігерлері алғашқы көмектерін көрсетуде. Фельдшердің айтуынша, зардап шегушінің миы шайқалған болуы да мүмкін. Оны енді ауруханада анықтайды.

Дәрігерлер зардап шеккен азаматқа көмек көрсетуде
Дәрігерлер зардап шеккен азаматқа көмек көрсетуде

Ал адам қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда оның көлігінің мемлекеттік нөмірін есте сақтап қалған куәгерлер бар. Олардың айтуынша, адам қаққан жүргізуші мас екен.

Оқиғаның куәгері - осы жігіт
Оқиғаның куәгері – осы жігіт

 

«Мен Опель Вектра көлігінің артынан келе жатқанмын, – деп есіне алады куәгер. – Кенет ол жолдың шетіне шығып кетті де кетіп бара жатқан мына кісіні қағып кетті. Содан кейін тоқтап қалды. Бірақ, сәлден кейін зыта жөнелді. Дегенмен, мен және қасымдағы достарым көліктің нөмірін жаттап үлгердік – Х 779 TDN.»

Қазір жол полициясының қызметкерлері адам қағып, қашып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр. Ол қылмыстық жазаға тартылуы әбден мүмкін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JV0ZeOg__ss[/youtube]