Циркке тағы бір арыстан тарту етілді

429
"Оңтүстікциркке" арыстанды зообақ сыйлады
"Оңтүстікциркке" арыстанды зообақ сыйлады
«Оңтүстікциркке» арыстанды зообақ сыйлады

«Оңтүстікцирктен» енді тағы бір арыстанның өнерін тамашалайтын болдық. Ұжымға төрт айлық аң баласын Шымкент зообағы сыйға тартты. Надин атты алан алдағы уақытта «Оңтүстікцирктегі» Назым деп аталатын 2 жасар арыстанның күшігімен бірге өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Надин парсы тілінен аударғанда «үміт» дегенді білдіреді. Кішкентай абаданға қуанған өнер ұжымының аланнан үлкен үміт күтеміз деп отыр.

«Оңтүстікцирктің» ашылғанына биыл бір жыл. Аз уақыт ішінде өнерпаздар шымқалалықтарды өз өнерімен Оңтүстік үшін таңсық өнердің түр-түріне тамсантып үлгірді. Әсіресе, әуе гимнастарының өнері таңдай қақтырады.

Ұжым маусымның 1-і мен 16-сы аралығында «Алақай, балақай» атты концертімен көрермен алдында есеп беруді көздеп отыр.