«Сыбаға» бағдарламасымен сыбағаны жеп қойған

215
Бәйдібек аудандық әкімдігінің бөлім маманы ұсталды
Бәйдібек аудандық әкімдігінің бөлім маманы ұсталды
Бәйдібек аудандық әкімдігінің бөлім маманы ұсталды

«Сыбаға» бағдарламасы да теңгені заңсыз иемденуге қолайлы болып тұр. Облыста бір серіктестік осының арқасында 400 мыңнан астам теңгені қоды еткен. Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз орталығы хабарлады. Бәйдібек аудандық әкімдігінің бөлім маманының үстінен бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті «Тасқұдық «ЖШС-нің иелігінде 335 мал бар деп көрсетілген жалған құжат рәсімдеген. Сөйтіп, мемлекеттік бағдарлама негізінде аталған мекемеге 464 мың теңге бюджет қаржысы заңсыз бөлінген. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.